+193 бонус

ДОПЕГИТ 250 мг №50 таб

3865 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метилдопа рацемическая смесь
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - сусыз метилдопа 250 мг (282 мг метилдопа сесквигидратына баламалы), қосымша заттар: жүгері крахмалы, этилцеллюлоза, тальк, натрий крахмалы гликоляты (А типі), стеарин қышқылы, магний стеараты.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезіндегі дәрілік препарттардан туындаған гепатит немесе метилдопаны бұрын қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы - бауыр ауруының белсенді сатысы (белсенді гепатит немесе белсенді цирроз) - моноаминооксидаза тежегіштерімен қатарлас емдеу - ауыр депрессия - катехоламиндер түзіп шығаратын ісіктер: феохромоцитома немесе параганглиома - порфирия -гемолиздік анемия - 18 жасқа дейінгі балалар жасында. Бұл препаратты алкогольді сусындармен немесе құрамында алкоголь бар дәрілік препараттармен бірге қабылдау ұсынылмайды.
Дозасы
Препараттың дозасын және емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайына байланысты дәрігер жекелей анықтайды. Ересектер Ұсынылатын бастапқы доза - 250 мг тәулігіне 2-3 рет алғашқы екі күн ішінде. Содан кейін тәуліктік доза артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне қарай, екі күндік аралықпен жоғарылатылуы немесе төмендетілуі мүмкін. Емдеу курсының басында болуы мүмкін седативті әсерінің айқындығын төмендету үшін және дозаны жоғарылатуда алдымен кешкі дозаны жоғарылатады. Әдетте ұсынылатын демеуші доза - 500-2000 мг тәулігіне 2-4 рет. Ең жоғары тәуліктік дозасы 3 г құрайды. Тәулігіне 2 г дозада препараттың тиімділігі жеткіліксіз болғанда басқа гипотензиялық препараттармен біріктірілімін қолдану ұсынылады. 2 – 3 ай емдегеннен кейін төзімділік дамуы мүмкін. Артериялық қысымды тиімді бақылауды диуретикті қосу арқылы немесе метилдопаның дозасын жоғарылатумен қалпына келтіруге болады. Допегит препаратын тоқтатқаннан кейін артериялық қысым 48 сағаттан соң кері қайтару әсерінсіз бастапқы деңгейіне оралады. Допегитті басқа гипертензияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерге алдыңғы препаратты біртіндеп тоқтата отырып, қолдануға болады. Осындай жағдайларда ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 500 мг құрайды. Керек емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны кем дегенде екі күндік аралықпен жоғарылатуға болады. Егер Допегит басталған гипотенгзивтік емге қосымша ем ретінде пайдаланылса, біріктірілген емге ауысу асқынусыз өту үшін, гипертензияға қарсы препараттың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бастапқы доза төмен болуы, тәулігіне 250 мг бір таблеткадан аспауы тиіс. Қажет болғанда дозаны біртіндеп тәулігіне одан асыруға болмайтын, 2 г ең жоғары дозаға дейін, әрбір 2 тәулікте біртіндеп жоғарылатуға болады. Егде жастағы пациенттердегі жоғары сезімталдықпен және қантамырлары қуысының айқын тарылуымен байланысты болуы мүмкін, егде жастағы пациенттерде жиі байқалатын синкопальді жағдайдан (естен тану) төмен дозаларды пайдаланып сақтануға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Төмендетілген дозаларды қолдану керек, өйткені метилдопа организмнен бүйрекпен шығарылады. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуында (шумақтық сүзіліс жылдамдығы ШСЖ = 60-89 мл/мин/1,73 м2) қабылдау арасындағы 8 сағаттық аралықты, ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ = 30-59 мл/мин/1,73 м2) 8-12 сағат аралықты, ал ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ < 30 мл/мин/1,73 м2) 12- 24 сағат аралықты сақтау керек. Метилдопа гемодиализ кезінде шығарылатын болғандықтан, осы емшарадан кейін артериялық қысымның жоғарылауынан сақтану үшін пациентке 250 мг қосымша дозаны тағайындау керек. Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Балалардағы ұсынылатын бастапқы доза 2-4 қабылдауға дене салмағына қарай тәулігіне 10 мг/кг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны емдеуге қалаған емдік жауапқа жеткенге дейін кем дегенде екі күн аралықпен біртіндеп жоғарылатуға (дене салмағына 65 мг/кг дейін) болады. Тәуліктік доза 3 г-нан аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Таблетканы тамақ ішуге дейін немесе кейін қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.