+67 бонус

ДОНИУМ-ТК 10 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТК Фарм Актобе ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 10.00 мг домперидон, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил)
Қолданылуы
- жүрек айнуы және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- домперидонға немесе Дониум-ТК құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауырлық дәрежесі ауыр және орташа бұзылыстары - жүрек өткізгіштігінің, атап айтқанда QT аралықтарының ұзаруы диагностикаланған, электролиттік теңгерімі едәуір бұзылған немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек ауруларымен пациенттер - QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану - CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану - пролактин-рилизинг гипофиз ісігі (пролактинома) - асқазан-ішектен қан кету - механикалық түйілу немесе тесілу, бұл жағдайларда асқазанның қозғалыс функциясын ынталандыру қауіпті болуы мүмкін - егер сізде бүйрек үсті безінің сирек кездесетін ісігі (феохромоцитома) бар немесе болуы мүмкін болса, себебі бұл қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lарр-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Ішке. Домперидон жүрек айнуы мен құсуды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт мерзімі ішінде ең төменгі тиімді дозасында пайдаланылуы тиіс. Препаратты тамаққа дейін қабылдау ұсынылады, оны тамақтан кейін қабылдаған жағдайда домперидонның сіңірілуі баяулауы мүмкін. Препаратты дәрігер жазып берген уақытта қабылдау ұсынылады. Дозасын өткізіп алған жағдайда, препараттың келесі дозасын әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Өткізіліп алған дозасының орнын толтыру мақсатында дозасын екі еселеуге болмайды. Препаратты үздіксіз қолданудың ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Ересектер мен 12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг және одан жоғары балалар: тәулігіне 3 рет 10 мг 1 таблетка. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 30 мг. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде Препаратты бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары кезінде қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл бұзылулары кезінде дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде препараттың жартылай шығарылу кезеңі жоғарылайтындықтан, қайталап қабылдағанда препаратты қабылдаудың жиілігі тәулігіне 1-2 ретке дейін азайтылуы тиіс, бұзылулардың ауырлығына байланысты дозасын төмендету де қажет болуы мүмкін. Мұндай пациенттерге жүйелі түрде тексеру жүргізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.