+305 бонус

ДОЛОБЕНЕ 50 г гель

6110 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гепарин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merckle GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында: белсенді заттар: натрий гепарині 50000 ХБ (0.227 - 0.417 г), диметилсульфоксид, 10% су 16.600 г, декспантенол 2.500 г; қосымша заттар: карбомерлер (карбопол 98  NF),  трометамол, макроголь глицерол гидроксистеараты, изопропил спирті, розмарин майы, биік тау қарағайының майы, цитронелл майы, тазартылған су.
Қолданылуы
соғылулардан, басылып қысылудан, жарақаттардан кейінгі гематомалар және жұмсақ тіндердің, бұлшықеттердің, сіңірлердің, байламдардың қабынуында невралгияда байламдар созылуы немесе үзілуі бар буындардың жарақатында иық-жауырын периартритінде, иық эпикондилитінде (“теннисшінің шынтағы”), тендиниттерде (сіңірлердің қабынуы), бурситтерде (буындар шырышты қалталарының қабынуы) артриттерде, деформацияланатын остеоартритте (периартикулярлық тіндер зақымданулары болғанда) беткейлік тромбофлебиттерде, созылмалы вена жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойық жараларда
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бронх демікпесі жүрек-қантамыр жүйесінің айқын бұзылулары (ауыр стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, айқын байқалған жалпы атеросклероз) жүктілік, лактация кезеңі 5 жасқа дейінгі балалар Препаратты шырышты қабықтарға (көз, мұрын, ауыз), ашық жараларға немесе зақымданған теріге жағуға болмайды (мысалы, сәулеленуден немесе күнге қатты күюден кейінгі жай-күй; операциядан кейінгі жазыла қоймаған тыртықтар).
Дозасы
Тізенің соғылған бетін түгел қамту үшін әдетте сықпадан 3-4 см гельді сығып шығару жеткілікті. Ем-шараны 7-10 күн ішінде немесе ауыру, домбығу, ісіну, қабыну сияқты ауру симптомдары жоғалғанға дейін тәулігіне 2-4 рет қайталайды. Егер 10 күн бойы емдегенде айқын жақсару басталмаса, дәрігерге жүгіну қажет. Енгізу әдісі мен жолы Долобене гелін терінің зақымданған жерлеріне немесе терінің ауыратын (домбығу, ісіну, қабыну) аймақтың терісіне, гельді тікелей жаралар мен сыдырылған жерлерге тигізбеуге тырыса отырып, жұқалап, жеңілдеу қабатпен жағады. Долобене гель препараты жағылатын тері бөлігі кірден, косметикадан, басқа дәрілік заттар мен химиялық заттардан тазартылуы тиіс. Таңғыштар пайдаланған кезде гельді жаққаннан кейін гельдің негізгі массасы сіңгенше және спирт (изопропанол) ұшып кеткенше бірнеше минут күте тұру керек. Бұл әсіресе ауаны нашар өткізетін таңғыштар қолданылған жағдайда маңызды. Гельдің құрамында спирт (изопропанол) болғандықтан,  препараттың ашық жараларға тиюі ауырсыну реакцияларын туғызатынын ескерген жөн. Долобене және ионофорез Бұл препаратты ионофорезде қолдануға болады. Препарат құрамындағы гепарин терінің рН қатысты анион ретінде көрініс береді. Препаратты катод астына жағу гепаринің зақымданған аймаққа жоғары көлемде өтуіне ықпал етеді, ал диметилсульфоксид электр тогының әсерімен синергиялық әсерін (ауыруды басу, жергілікті ісінуді азайту) байқатады. Сақтық шаралары. Электр тогымен өз бетінше емделудің теріні тітіркендіретін жергілікті реакцияларды туғызуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан Долобене гелін қолдану осы жергілікті реакцияларды күшейтпеуі үшін аспап өндірушілерінің нұсқаулығын мұқият ұстану қажет. Электродтардың ылғалды губкамен толық жабылуына әрдайым назар аудару керек. Долобене және ультрадыбыс (фонофорез) Бұл препарат ультрадыбыспен (фонофорез) емдегенде жақсы жанаспалы гель болып табылады. Гельдің әсер етуші заттары (диметилсульфоксид және гепарин) ультрадыбыстық толқындардың емдік әсерін толықтыра түседі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.