+51 бонус

ДОЛГИТ 5% 20 г крем

1020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Долоргит ГмбХ и Ко.КГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г кремнің құрамында белсенді зат– ибупрофен 5 г қосымша заттар: орташа тізбекті триглицеридтер, глицерол моностеараты, поли(оксиэтилен)-30-стеарат, поли (оксиэтилен)-100-стеарат, пропиленгликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты, ксантан шайыры, лаванда майы, нерол майы (цитрус хош иістендіргіші), тазартылған су.
Қолданылуы
Мынадай жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем үшін: - артрит (ревматоидты, псориаздық) - ревматизм мен подаграның өршуіндегі буын синдромы - иық-жауырындық периартрит - Бехтерев ауруы (шорбуынданатын спондилит) - деформацияланатын остеоартроз - түбіршекті синдромы бар остеохондроз - радикулит - ишиас - миалгия (шығу тегі ревматизмдік және ревматизмдік емес) - люмбаго - тендинит, тендовагинит, бурсит - жұмсақ тіндердің тұтастығын бұзбай (соның ішінде шығып кетулер, созылулар, бұлшықеттердің немесе байламдардың жыртылуы, соғылулар, жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі ісінулері) жарақаттар (спорттық, өндірістік, тұрмыстық) .
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге және препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа анальгетиктерге немесе ревматизмдік дәрілерге жоғары сезімталдық - анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолдануға байланысты болатын бронх демікпесі ұстамалары немесе басқа аллергиялық көріністердің болуы - терінің зақымдалған беткейлеріне (ашық жаралар немесе тері аурулары), сондай-ақ экземаға немесе шырышты қабықтарға қолдануға болмайды - жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі - 14 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Кремді ауыратын бөлік аймағының терісіне тәулігіне 3-4 рет жағып, препарат толық сіңгенше жеңіл қимылмен сылайды. 2-5 г кремге сәйкес (100-250 мг ибупрофен) ұзындығы  4-10 см крем жолағын пайдаланады. Ең жоғары тәуліктік доза 20 г кремді құрайды, бұл 1000 мг ибупрофенге сәйкес келеді. Ревматизм ауруларында емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесі мен зақымдану сипатына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.