+131 бонус

Доктор мом пастилки от кашля малина №20

2620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинация отхаркивающих препаратов
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пастилканың құрамында белсенді заттар: жалаң мия тамырларының құрғақ экстрактісі 15 мг дәрілік зімбір тамырсабақтарының құрғақ экстрактісі 10 мг дәрілік эмблика жемістерінің құрғақ экстрактісі 10 мг левоментол 7 мг, қосымша заттар: апельсиндi пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, «күн батар» түстес сары бояғыш (Е110), апельсин хош иістендіргіші, жалбыз хош иістендіргіші (жалбыз эссенциясы) құлпынайлы пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпара-гидроксибензоат, қанқызыл бояғыш (Понсо 4R) (Е124), құлпынай хош иістендіргіші лимонды пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, хинолинді сары бояғыш (Е104), лимон майы, жалбыз хош иістендіргіші (жалбыз эссенциясы) таңқурайлы пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, азорубин бояғышы (Е122), таңқурай хош иістендіргіші жидектi пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, азорубин бояғышы (Е122), көк жылтыр FCF бояғыш (Е133), жидек хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Тыныс алу жолдарының «құрғақ» жөтелмен қатар жүретін жедел және созылмалы ауруларынының (фарингит, ларингит, трахеит, бронхит) симптоматикалық емінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе препараттың құрамына кіретін кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукроза-изомальтоза ферменттері тапшылығы; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерге әрбір 2 сағат сайын 1 пастилкадан. Ең жоғары бір реттік доза – 1 пастилка, ең жоғары тәуліктік доза – 10 пастилка. Енгізу әдісі мен жолы Пастилканы ауыз қуысында баяу сору керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы – 5-7 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.