+56 бонус

ДОКСИЛАМИН 20 мл капли

1120 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксиламин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Кревель Мойзельбах ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат - доксиламин сукцинаты - 2.5 г қосымша заттар: этанол 96 %, жалбыз майы, тазартылған су.
Қолданылуы
ересектерде мезгіл-мезгіл туындайтын ұйқы бұзылуларын (ұйықтап кетудің қиындауын және түнде оянуды қоса) симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, жалбыз майына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. антигистаминдік препараттарға жоғары сезімталдықта жедел демікпе ұстамаларында жабық бұрышты глаукома туа біткен QT аралығының ұзару синдромы феохромоцитома несеп ағып шығуының бұзылуымен қуықасты безінің гипертрофиясы алкогольмен, тыныштандыратын, ауыруды басатын немесе психотропты дәрілермен (нейролептиктер, транквилизаторлар, антидепрессанттар, литий препараттарымен) жедел уланулар эпилепсия моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану Доксиламин-КМ® бала емізу кезінде қолдануға болмайды. 18 жасқа дейін
Дозасы
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, ересектер үшін Доксиламин-КМ® препаратының бір реттік дозасы 7-13 тамшыны құрайды (бұл 7,5-15 мг доксиламин сукцинатына сәйкес келеді). Ұйқының тұрақтанған бұзылуларында пациент Доксиламин-КМ® ең жоғары дозасын - 26 тамшыға дейін (30 мг доксиламин сукцинаты) қабылдай алады. Ең жоғары тәуліктік дозадан асыруға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Доксиламин әсеріне өте сезімтал болуы мүмкін бүйрек немесе бауыр функциясы төмендеп кеткен науқастарға, егде жастағы немесе әлсіреген науқастарға препарат дозасын төмендету керек. Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Доксиламин-КМ® тағайындауға болмайды, өйткені 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ұйқының бұзылуын емдеуге арналған доксиламиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Тамшыларды ұйықтаудан отыз минут – бір сағат бұрын жеткілікті сұйықтық (су) мөлшерімен ішу керек. Дәрілік затты қабылдаудан кейін ұйқының қалыпты ұзақтығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл таңертеңгілік реакция шапшаңдығына кері ықпал етуін болдырмауға көмектеседі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.