+18 бонус

ДОКСИЦИКЛИН-ТК 0,1 №10 капс

365 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксициклин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ФармАктобе ТК ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - доксициклин, (доксициклин хиклаты түрінде)- 100 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты Капсуланың құрамы: қақпағы – қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин; корпусы - қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қарсы көрсетілімдер
доксициклинге, тетрациклиндердер тобының кез келген препаратына немесе қосымша заттарлың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылулары тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қалқанша без патологиясы бар пациенттер
Дозасы
Ересектер Ересектердегі жедел инфекцияларды емдеу кезінде әдеттегі Доксициклин дозасы 1-ші күні 200 мг (тәулігіне бір рет немесе екі қабылдауға), келесі күндері тәулігіне 100 мг құрайды. Ауырлау инфекцияларда бүкіл емдеу курсы бойына күнделікті 200 мг тағайындалады. 12 жастан асқан балалар Дене салмағы 45 кг төмен, ауыр немесе өміріне қауіп төндіретін инфекциялары бар (мысалы, таулы қыраттың теңбіл қызбасы) балаларға доксициклин 12 сағат сайын 2.2 мг/кг дозада тағайындалады. Дене салмағы 45 кг артық балаларда доксициклин ересектер үшін әдеттегі дозада қолданылады. Ауырлығы төмен инфекцияларда (дене салмағы 45 кг төмен) ұсынылған доза алғашқы тәуліктер ішінде 4.4 мг/кг құрайды (екі қабылдаумен), сосын демеуші доза 2.2 мг/кг (бір рет немесе екі қабылдаумен). Дене салмағы 45 кг артық балаларда доксициклин ересектер үшін әдеттегі дозада қолданылады. Кейбір инфекцияларда арнайы дозалау жөніндегі нұсқаулар Жыныстық жолмен берілетін аурулар: келесі инфекцияларды емдеуде 7 күн бойы күніне екі рет 100 мг: асқынбаған гонококктық инфекциялар (ерлердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған уретралық, эндоцервикальді немесе ректальді инфекция; Ureaplasma urealyticum туғызған гонококктық емес уретрит. Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhea туғызған жедел орхоэпидидимит – 10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг. Алғашқы және салдарлы мерез: пенициллинге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде (жүкті әйелдерді қоспағанда) екі апта бойы тәулігіне екі рет ішу арқылы 200 мг доксициклинмен емдеу пенициллинмен емнің баламасы бола алады. Эпидемиялық қайтымды сүзекте және қайтымды кене сүзегінде: аурудың ауырлық дәрежесіне қарай бір рет 100 мг немесе 200 мг. Хлорохинге төзімді P. falciparum штаммдары туғызған безгек: кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 200 мг. Инфекцияның ауыр болу ықтималдығын ескеріп, ұсынылатын дозалары түрлі аймақтарда ерекшеленетін жылдам әсер ететін шизонтоцидтік дәрілік зат, мысалы, хинин тағайындалу керек. Безгек профилактикасы: ересектер мен 18 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 100 мг. Профилактиканы безгек жайлаған аудандарға жол жүрерден 1-2 күн бұрын бастауға болады. Препаратты безгек жайлаған аудандарда болған бүкіл уақыт бойына және аталған аймақтарға барып келген соң 4 апта бойы күнделікті қабылдау керек. Аймаққа байланысты төзімділігі және қажетті химиялық профилактика туралы ақпарат қолданыстағы нұсқауларда немесе Безгекті зерттеу жөніндегі анықтамалық зертхана мәліметтерінде мазмұндалады, олар туралы деректерді Британ ұлттық формулярынан (БҰФ) табуға болады. Кене шағудан болатын тропикалық бөртпе сүзек (цуцугамуши қызбасы) профилактикасы: бір рет 200 мг ішке қабылдау. Ересектердегі саяхатшылар диареясының алдын алу: сапардың бірінші күні 200 мг (бір рет немесе әр 12 сағат сайын 100 мг), одан кейін осы ауданда болған бүкіл уақыт бойы күнделікті тәулігіне 100 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ. Лептоспироз профилактикасы: тиісті ауданда болған бүкіл уақыт бойы аптасына бір рет 200 мг және сапар аяқталған соң 200 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ. Балаларда қолдану Доксициклин 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қарсы көрсетілімді. Басқа тетрациклиндермен болған жағдайдағы сияқты, доксициклин кез келген сүйік тінінде тұрақты кальций кешендерін түзеді. Тетрациклиндерді әр 6 сағат сайын 25 мг/кг дозада пероральді алған шала туған нәрестелерде кіші жіліншік сүйегінің баяу өсуі байқалды. Осы реакция препаратты тоқтатудан кейін қайтымды болды. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде абайлап қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану Доксициклинді әдетте ұсынылған дозаларда қолданудың бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер организмінде антибиотиктің жинақталуына әкелмейтінін айғақтайтын деректер бар. Енгізу әдісі және жолы Пероральді, ішке қабылдау

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.