ДОКСИЦИКЛИН 100 мг №20 капс

405 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксициклин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО "Борисовский завод медицинских препаратов"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 100 мг доксициклин (доксициклин гиклаты түрінде), қосымша заттар – картоп крахмалы, магний стеараты, лактоза моногидраты, капсула құрамы: желатин, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104).
Қарсы көрсетілімдер
доксициклинге, басқа тетрациклиндерге немесе препараттың құрамына кіретін қандай да бір затқа аса жоғары сезімталдық бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары порфирия лейкопения
Дозасы
Доксициклиннің ересектердегі жедел инфекцияларды емдеуге арналған әдеттегі дозасы алғашқы күні 200 мг құрайды (бір реттік доза түрінде қабылданады немесе он екі сағаттық аралықпен қабылданатын тең екі дозаға бөлінеді), одан әрі күніне 100 мг демеуші дозамен жалғасады. Ауырлығы жоғарылау инфекцияларды емдегенде (әсіресе, несеп шығару жолдарының созылмалы инфекцияларын) бүкіл емдеу кезеңі бойына күніне 200 мг доза тағайындалу керек. Ұсынылған дозасын арттыру жағымсыз әсерлерінің көрініс беру жиілігінің артуына алып келуі мүмкін. Ем симптомдар және қызба басылған соң кемінде 24-48 сағат жалғасуы тиіс. Стрептококкты инфекциялар үшін пайдаланғанда жедел ревматизм қызбасының немесе гломерулонефрит дамуын болдырмау үшін емдеуді 10 күн бойы жалғастырған жөн. Белгілі бір инфекцияларда дозалау жөніндегі ұсынымдар: Acne vulgaris: 6–12 апта бойы күнделікті тамақпен немесе сұйықтықпен 50 мг. Жыныс жолымен берілетін аурулар: келесі инфекцияларда 7 күн бойы күніне екі рет 100 мг ұсынылады: асқынбаған создық инфекциялар (ерлердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); Chlamydia trachomatis тудырған асқынбаған уретральді, эндоцервикальді немесе ректальді инфекция; Ureaplasma urealyticum тудырған создық емес уретрит. Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhea тудырған жедел орхоэпидидимис: 10 күн бойы күніне екі рет 100 мг. Бастапқы және салдарлы мерез: екі апта бойы күніне екі рет 200 мг доксициклин пероральді түрде (пенициллинге аллергиясы бар жүкті емес пациенттер үшін). Пенициллинмен емге балама ретінде. Кене және биттен болатын соқпалы сүзек: ауырлық дәрежесіне байланысты бір реттік доза 100 немесе 200 мг. Хлорохинге төзімді шұғыл дамитын үш күндік безгекті емдеу: кемінде 7 күн бойы күнделікті 200 мг. Инфекцияның ықтималды ауырлығына орай, хинин сияқты тез әсер ететін шизонтицид үнемі Доксициклинмен біріктірілімде тағайындалуы тиіс; хининді дозалау жөніндегі ұсынымдар әртүрлі аймақтарда өзгешеленеді. Безгек профилактикасы: ересектер мен 12 жастан үлкен балаларда күнделікті 100 мг. Профилактиканы безгек жайлаған аудандарға сапарлаудан 1-2 күн бұрын бастауға болады. Оны безгек жайлаған аудандарға саяхаттау кезінде күнделікті және саяхатшы безгек жайлаған аймақтан кеткеннен кейін 4 апта бойы жалғастырған жөн. Жапондық өзен қызбасының профилактикасы: бір реттік доза түрінде 200 мг. Ересектердегі «саяхатшылар» диареясының профилактикасы үшін: саяхаттың алғашқы күні 200 мг (бір реттік доза түрінде немесе әр 12 сағат сайын 100 мг қабылданады), ал одан кейін осы ауданда болған бүкіл кезең бойына күнделікті 100 мг. Препаратты 21 күннен кейін профилактикалық пайдалану жөнінде деректер жоқ. Лептоспироз профилактикасы: осы ауданда болған уақытта аптасына бір рет 200 мг және жолсапар аяқталған соң 200 мг. Препаратты 21 күннен кейін профилактикалық пайдалану жөнінде деректер жоқ. Егде жастағы пациенттерде қолданылуы: Доксициклинді егде жастағы адамдарға айрықша сақтану шараларынсыз әдеттегі дозаларда тағайындауға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі: Доксициклинді әдеттегі ұсынылатын дозаларда қолдану бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде антибиотиктің жинақталуына әкелмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі болғанда дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін бір стақан су ішумен ішке қолданады. Капсулаларды отырған немесе тік тұрған қалыпта және өңештің тітіркенуі мен ойық жаралану қаупін азайту үшін ұйықтардан біраз уақыт бұрын қабылдайды. Егер асқазанның тітіркену белгілері байқалса, Доксициклинді тамақпен немесе сүтпен қабылдау ұсынылады. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру тұрғысынан кеңес алу үшін медициналық қызметкерге хабарласу ұсынылады ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі - анафилактоидты реакциялар (оның ішінде, аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактоидты пурпура, гипотония, перикардит, ангионевроздық ісіну, жүйелі қызыл жегінің өршуі, ентігу, сарысу құю ауруы, шеткері ісінулер, тахикардия және есекжем) - бас ауыру - қызару (беттің) - жүрек айну, құсу - фотосезімталдық реакциялары, бөрту, оның ішінде макулопапулалық және эритемалық Жиі емес - вагинит - диспепсия (қыжыл/гастрит) Сирек - кандидоз - гемолиздік анемия, нейтропения, эозинофилия, тромбоцитопения - эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS-синдром) жүретін дәрілік бөртпе, Яриш-Герксгеймер реакциясы - микроскоппен зерттеуде қалқанша без тінінің қоңыр-қара түске боялуы - порфирия, тәбет төмендеуі - қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (pseudotumor cerebri)*, жаңа туған нәрестелерде еңбегінің ісіп кетуі - құлақтағы шуыл - панкреатит, жалған жарғақшалы колит, С. difficile туғызған диарея, өңештің ойық жаралануы, эзофагит, энтероколит, аногениталий аумағындағы қабыну өзгерістері (кандида тектес зеңдердің шамадан тыс көбеюімен), іштің ауыруы, диарея, дисфагия, глоссит, стоматит - бауыр жеткіліксіздігі, гепатоуыттылық, гепатит, сарғаю, бауырдың функционалдық сынамаларының өзгеруі - уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, эксфолиативті дерматит, фотоонихолизис - артралгия, миалгия - қанда мочевинаның ұлғаюы Белгісіз - тістің түссізденуі** * Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия кезінде туындайтын симптомдар анық көрмеу, скотомалар және диплопияны қамтиды. Тұрақты көрмей қалу жағдайлары болды. ** Тетрациклиндер әдетте, ұзақ уақыт қолданғанда тістің түссізденуін және эмаль гипоплазиясын туғызуы мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.