+482 бонус

ДИЗЕНА 2 мг №28 таб

9650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диеногест
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Зентива к.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – диеногест 2,0 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон (К-30), натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты қабық: «Aqua Polish white 014.17MS» қоспасы, құрамы: гипромеллоза, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, гидрогенделген мақта майы, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
- эндометриозды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
Дизена препаратын қолдану төменде көрсетілген жағдайлардың кез келгені болған кезде қарсы болады, олардың бір бөлігі тек гестагенді компоненті бар барлық препараттар үшін ортақ болып табылады. Егер осы жағдайлардың қандай да бірі Дизена препаратын қолдану аясында дамитын болса, осы препаратпен емдеуді дереу тоқтату керек. - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - веналық тромбоэмболиялық бұзылулар - қазіргі уақытта бар немесе анамнездегі жүрек және артерия аурулары (мысалы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар, жүректің ишемиялық ауруы) - қантамырлық асқынулары бар қант диабеті - қазіргі уақытта немесе анамнезінде бауырдың ауыр аурулары, бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенге дейін - қазіргі уақытта немесе анамнезінде бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі) - жыныстық стероидтерге тәуелді, анықталған немесе күдікті гормонға тәуелді қатерлі ісіктер - генезі айқындалмаған қынаптан қан кету - галактоза жақпаушылығы , лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Препаратты тәулігіне 1 таблеткадан үзіліссіз, дұрысы күн сайын бір мезгілде, қажет болған жағдайда, сұйықтықтың аздаған мөлшерін ішіп қабылдайды. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Қынаптан қан кетуіне қарамастан, таблеткаларды үнемі қабылдау керек. Бір қаптамадағы таблеткаларды қабылдау аяқталғаннан кейін препаратты қабылдауда үзіліс жасамай, келесі қаптамадағы Дизена препаратын қабылдауды бастайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Дизена препараты менархе басталғанға дейін балаларда қолдануға көрсетілмеген. Дизена препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық тұрғыдан болжамды немесе расталған «эндометриоз» диагнозы бар 12 мен 18 жас аралығындағы 111 жасөспірім пациенттің қатысуымен жүргізілген, 12 айға созылған бақыланбайтын клиникалық зерттеуде зерттелді (4.4 және 5.1-бөлімдерді қараңыз.). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде Дизенаны қолдануға негізделген көрсеткіштер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дизена препараты ағымдағы немесе анамнезінде бауырдың ауыр ауруына шалдыққан пациенттерге қарсы көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі туралы куәландыратын деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Дизена препаратын қабылдау басталғанға дейін кез келген гормональді контрацепцияны қолдануды тоқтату қажет. Қажет болған жағдайда, контрацепция гормональді емес әдістерді (мысалы, бөгеттік) қолданады. Дизена препаратын қабылдауды етеккір оралымының кез келген күні бастауға болады. Таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған, құсу және/немесе диарея жағдайында (егер бұл таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде болса) Дизена препаратының тиімділігі төмендеуі мүмкін. Бір немесе бірнеше таблетканы қабылдауды өткізіп алған жағдайда, әйел оны есіне түсіргеннен кейін бірден бір таблетканы қабылдауы керек, содан кейін әдеттегі уақытта келесі күні таблеткаларды қабылдауды жалғастыру керек. Егер препараттың сіңуі құсу немесе диарея салдарынан бұзылса, сондай-ақ бір таблетка қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.