+286 бонус

ДИВИГЕЛЬ 0,5 г №28 пак

5730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Orion Corporation
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препараттың құрамында белсенді зат - 1 мг эстрадиол гемигидраты (эстрадиолға баламалы). қосымша заттар: карбомер (карбопол 974 Р), троламин, пропиленгликоль, этанол, тазартылған су.
Қолданылуы
Гормондық орын басу емі ретінде: - эстрогендер тапшылығымен байланысты симптомдар, табиғи немесе жасанды менопауза кезінде және эстроген тапшылығының басқа жағдайларында - остеопороз профилактикасына арналған басқа дәрілік заттар қарсы көрсетілімді немесе жарамсыз болған кездегі менопаузадан кейінгі сыну қаупі жоғары остеопороз профилактикасы 65 жастан асқан әйелдерді емдеуде гормонмен орын басу емін жүргізу тәжірибесі жеткіліксіз.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық сүт безінің обыры (диагностикаланған, күмән тудыратын немесе анамнездегі) диагностикаланған немесе күмән тудыратын эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры) этиологиясы түсініксіз қынаптан қан кетулер емдеу жүргізілмеген эндометрий гиперплазиясы веналардың қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі тромбоэмболиялық аурулары (терең веналар тромбозы (ТВТ), өкпе артериясының эмболиясы) диагноcтикаланған жоғары қан ұюы (мысалы, протеин С, протеин S немесе антитромбин тапшылығы) артериялардың қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі жедел тромбоэмболиясы (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі) қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың жедел аурулары (бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің қалыпқа түсуіне дейін) порфирия
Дозасы
Дивигель – бұл ұзақ уақыт бойы немесе циклдық емдеу үшін трансдермалық қолдануға арналған гель. Әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 1 г гель құрайды, бұл 1 мг эстрадиолға сәйкес келеді. Қолдану ұзақтығы мен дозаларын дәрігер пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды (клиникалық жай-күйге қарай, 2-3 циклдан кейін дозасын: тәулігіне 0,5 г-ден 1,5 г гельге дейін түзетуге болады, бұл 0,5-тен 1,5 мг дейінгі эстрадиолға сәйкес келеді). Жатыры интактілі пациент әйелдер үшін Дивигельді 1 ай аралықпен прогестагендермен, мысалы, медроксипрогестерон ацетатын, норэтиндрон, норетиндронацетат немесе дидрогестеронды пайдалана отырып, кемінде 12-14 күнге созылатын емдеумен біріктіру қажет. Прогестагендер, егер гистерэктомиядан кейінгі әйелдерге эндометриоз диагнозы қойылмаса, оларға ұсынылмайды. Бұрын гормонмен орын басу емін (ГОЕ) қолданбаған немесе ұзақ уақыт біріктірілген емнен кейін Дивигельге ауысқан пациент әйелдер Дивигельмен емделуді кез келген күні бастай алады. Үздіксіз гормонмен орын басу емінен кейін Дивигельге ауысқан пациент әйелдер Дивигельмен емделуді соңғы емдеу циклы аяқталған соң бастай алады. Менопаузадан кейінгі симптомдарды емдеу кезінде ең аз тиімді дозасын қолдану керек және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқалау болуы тиіс. Егер пациент әйел гельді уақытында жағуды ұмытып кетсе, емдеуді әдеттегідей келесі күні жалғастырған жөн. Препарат жүйесіз қолдану кезінде жатырдан етеккір тәрізді қан кетулер туындауы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған. Дивигельді таза, құрғақ теріге жағу керек. Дивигель дозасын тәулігіне 1 рет сан терісіне немесе арқаның төменгі бөліктеріне, жағатын жерді жүйелі өзгерте отырып, жағу керек. Жақпа аумағының өлшемі ― 1-2 алақан. Дивигельді сүт бездеріне, бетке, гениталийге, сондай-ақ терінің тітіркенген бөліктеріне жағуға болмайды. Препаратты жағудан кейін гель кепкенше бірнеше минут күте тұру керек. Жаққан жерді бір сағат бойы жууға болмайды. Дивигельді кездейсоқ көзге түсіріп алмау керек. • Гель жағудан кейін бірден қолды сабындап сумен жуу қажет. • Жаққан жер гель кеуіп кеткенше киіммен жабылған болуы тиіс. • Жаққан жерге тигізбес бұрын терінің осы аймағын жуу керек. • Егер басқа адам немесе үй жануары гель жағылған тері бөлігіне кездейсоқ тиіп кетсе, жанасқан жерді дереу сабындап сумен жуып тастау қажет. Пациенттерді эстрадиол жағылған тері бөліктерімен балалардың жанасуына жол бермеу жөнінде хабардар ету керек. Алдын ала сақтану шаралары қадағаланбаса, гель басқа адамның немесе үй жануарының терісіне кездейсоқ түсіп кетуі мүмкін, бұл қолайсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Жайсыз әсер ету белгілері пайда болғанда дәрігерге немесе ветеринарға қаралу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.