+334 бонус

ДИСТРЕПТАЗА №6 супп

6680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Стрептокиназа, комбинация
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Synthaverse S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді заттар: стрептокиназа 13 500 – 16 500 ХБ, стрептодорназа 1 250 – 20 000 ХБ, қосымша заттар: қатты май, парафин майы.
Қолданылуы
- Кіші жамбас ағзаларының қабынуын кешенді емдеуде (PID, ағылш. pelvic inflammatory disease) – аналық бездердің, фаллопий түтігінің және эндометрийдің қабыну ауруларының синдромы); - Кіші жамбас аумағында өткізілген операциядан кейінгі жабыспа ауруының алдын алу; - Жедел (AHD, ағылш. acute haemorrhoidal disease) және созылмалы ағымды геморрой; - Периректальді абцесс және ауқымды қабыну инфильтраты бар жыланкөздерді кешенді емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық; - кіші жамбас және тік ішек ағзаларына операция жасағаннан кейінгі ерте кезең; - геморрагиялық диатез; - жүктілік және бала емізу кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер; - тілменің қабынуы немесе іріңдеу белгілерінсіз дәнекер тінінің жедел қабынуы; - пациентте қан ұюының төмендеуі; - препарат жаңа жарамен немесе тігіспен жанаспауы керек, өйткені бұл тігістерідің босаңсуына және нәтижесінде жарадан қанның кетуіне әкелуі мүмкін; - препаратты қан кетуден кейін шамамен 10 күн қабылдауға болмайды, себебі бұл қайта қан кетуіне әкелуі мүмкін; - антикоагулянттармен және құрамында кальций тұздары бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау.
Дозасы
Доза қабыну процесінің қарқындылығының түріне және дәрежесіне байланысты. Дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Ересектерде ауру ағымы ауыр болғанда: алғашқы 3 күн бойы күніне 3 рет 1 суппозиторийден; келесі 3 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден; келесі 3 күн бойы күніне 1 рет 1 суппозиторийден. Ересектерде аурудың жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде: 3 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден; келесі 4 күн бойы күніне 1 рет 1 суппозиторийден немесе 2 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі тиісті түрде құжаттандырылмаған. Егде жастағылар 65 жастан асқан пациенттерде дозаны өзгерту қажеттілігі туралы ақпарат жоқ. Бауыр қызметінің бұзылуы Дистрептаза ректалды суппозиторийлер ретінде қолданылады. Бауырда метаболизденбейді, сондықтан бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек қызметінің бұзылуы Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгерту қажеттілігі туралы ақпарат жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.