+39 бонус

ДИРОТОН 5 мг №28 таб

790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг, 10 мг, 20 мг лизиноприл (5,44 мг, 10,89 мг, 21,77 мг лизиноприл дигидраты түрінде), қосымша заттар: магний стеараты, тальк, маннитол, жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты дигидраты.
Қолданылуы
- Артериялық гипертензияны емдеу үшін. - Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігін емдеу үшін. - Гемодинамикасы тұрақты пациенттерді жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағатта қысқамерзімді (6 апта) емдеу үшін. - 2 типті қант диабетімен жүретін артериялық гипертензиясы және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық. Анамнездегі, осының алдында АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі). Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну. Жүктіліктің II және III триместрлері. Бала емізу кезеңі. Диротон препаратын қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ дене беткейінің ауданына <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылығына байанысты, бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану. 6 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Дозасын жекелей, клиникалық көріністерге және препараттың гипертензияға қарсы әсерінің айқындығына сәйкес таңдау керек. Артериялық гипертензия Диротон препаратын монотерапияда немесе басқа гипотензиялық дәрілермен біріктіріп қолдануға болады. Бастапқы дозасы Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі жоғары пациенттерде (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензия кезінде, электролиттер азайған және/немесе гиповолемиясы бар, жүрек қызметінің декомпенсациясымен немесе ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде) бастапқы дозасын қабылдағаннан кейін артериялық қысым айқынырақ төмендеуі мүмкін. Ондай пациенттерде ұсынылатын бастапқы дозасы 2,5-5 мг құрайды, сонымен қатар, емнің басталуы қатаң медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында төменірек бастапқы дозасын қолдану ұсынылады (төменнен 1 кестені қараңыз). Демеуші дозасы Тиімді демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Әдетте, егер белгілі бір дозасын қолданғанда 2-4 апта ішінде қалаған емдік әсеріне қол жеткізу мүмкін болмаса, дозасын ары қарай арттыруға болады. Ұзақмерзімді бақыланатын клиникалық зерттеулерде пайдаланылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне 80 мг құрады. Пациенттердің ерекше топтары Диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттер Диротон препаратымен емдеу басталғаннан кейін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде жоғары. Осы себепті, ондай пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек, өйткені, ондай пациенттерде гиповолемия және электролиттердің жоғалтылуы байқалуы мүмкін. Мүмкін болса, диуретиктерді Диротон препаратымен емдеу басталғанға дейін 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Артериялық гипертензиясы бар, диуретиктерді тоқтатуға болмайтын пациенттерде Диротон препаратымен емдеуді 5 мг дозасынан бастау керек. Сонымен қатар, бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау көрсетілген. Келесіде Диротон препаратының дозасын артериялық қысым деңгейіне байланысты түзетуге болады. Қажет болған жағдайда, диуретиктермен емдеуді қайта бастауға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасы креатинин клиренсін (КК) ескере отырып таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). 1 кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету Креатинин клиренсі (мл/мин) Бастапқы дозасы (мг/тәул) 10 мл/минуттан аз (диализ жүргізілетін пациенттерді қоса) 2,5 мг* 10-30 мл/мин 2,5-5 мг 31-80 мл/мин 5-10 мг * Дозасын және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысым деңгейін ескере отырып таңдау керек. Дозасын артериялық қысымның қажетті мәндеріне жеткенге дейін немесе ең жоғарғысы тәулігіне 40 мг дейін арттыруға болады. Артериялық гипертензиясы бар, 6-16 жас шамасындағы балалар Ұсынылатын бастапқы дозасы дене салмағы 20-50 кг пациенттерде тәулігіне 1 рет 2,5 мг және дене салмағы ≥50 кг пациенттерде тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды. Дозасын жекелей, дене салмағы 20-50 кг пациенттерде ең жоғарғысы, тәулігіне 20 мг дейін және дене салмағы ≥50 кг пациенттерде 40 мг дейін таңдау керек. Балалар қатысқан зерттеулерде кг дене салмағына 0,61 мг жоғары (немесе 40 мг) дозаларын зерттеу жүргізілген жоқ. Бүйрек функциясы төмендеген балаларда бастапқы азғантай дозасын тағайындау немесе дозасын арттыру аралықтарын ұзарту қажет. Жүрек жеткіліксіздігі Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігі бар пациенттерде Диротон препаратын диуретиктерге қосымша емдеу препараты ретінде, және қажет болса, оймақгүл препараттарына немесе бета-адреноблокаторларға қосымша ем ретінде қолдану керек. Бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 2,5 мг құрауы мүмкін, бұл ретте артериялық қысымға әсерін бағалау үшін, емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен бастау керек. Дозасын арттырған кезде келесілерді ескеру қажет: дозасын арттыру адымы 10 мг аспауы тиіс дозасын арттырулардың аралығы 2 аптадан аз болмауы тиіс дозасын ең жоғарғы жағымды дозасына дейін, бірақ тәулігіне 1 рет 35 мг асырмай арттыру қажет. Дозасын түзету жекелей, клиникалық әсеріне байланысты жүргізіледі. Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары пациенттерде, мысалы, электролиттердің азаюы және/немесе гипонатриемиясы бар пациенттерде, гиповолемиясы бар пациенттерде немесе күшті диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде, мүмкіндігінше, ондай факторларды түзетуді Диротон препаратын тағайындағанға дейін жүргізу керек. Бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау көрсетілген. Жедел миокард инфарктісі Пациенттер қажеттілігіне қарай, тромболитиктер, аспирин және бета-адреноблокаторлар сияқты ұсынылған стандартты препараттарды қабылдауы тиіс. Нитроглицеринді Диротон препаратымен бір мезгілде вена ішіне немесе трансдермальді қолдануға болады. Бастапқы дозасы (миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн) Диротон препаратымен емдеу симптомдары пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде басталуы тиіс. Емдеуді систолалық артериялық қысымы 100 мм сн. бағ. төмен кезде бастамаған дұрыс Диротон препаратының алғашқы дозасы – ішке 5 мг, содан кейін 24 сағаттан соң 5 мг, 48 сағаттан соң 10 мг және содан кейін тәулігіне 1 рет 10 мг. Систолалық артериялық қысымы төмен (120 мм сн. бағ. немесе одан төмен) пациенттерде, егер емдеу миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн ішінде басталса немесе жалғастырылса, дозасы төмен – ішке 2,5 мг болуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <80 мл/мин) болған жағдайда, Диротон препаратының бастапқы дозасы КК байланысты таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). Демеуші дозасы Демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Гипотензия дамыған жағдайда (систолалық артериялық қысым 100 мм сн. бағ. аз немесе тең) тәуліктік демеуші дозасы қажет болған жағдайда 2,5 мг дейін уақытша төмендетумен, 5 мг құрауы мүмкін. Ұзаққа созылған артериялық гипотензия дамыған жағдайда (систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астам уақыт бойы 90 мм сн. бағ. аз болса) Диротон препаратын тоқтату қажет. Емдеуді 6 апта бойы жалғастыру және содан соң пациенттің жай-күйін қайтадан бағалау керек. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары дамыған пациенттер Диротон препаратымен емдеуді жалғастыра беруі тиіс. Қант диабетінің бүйректік асқынулары Артериялық гипертензиясы, 2 типті қант диабеті және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттерде дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды; қажет болған жағдайда, отырған қалыпта өлшегенде диастолалық 90 мм сн. бағ. төмен артериялық қысымға қол жеткізу үшін, дозасын тәулігіне 1 рет 20 мг дейін арттыруға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <80 мл/мин) болған жағдайда, бастапқы Диротон препаратының дозасы КК байланысты таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Диротон препаратын тәулігіне 1 рет ішке қабылдайды. Тәулігіне 1 рет тағайындалатын басқа препараттарды қолданғандағы сияқты, лизиноприлді күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған дұрыс. Диротон препаратының сіңірілуі ас ішуге тәуелсіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.