+230 бонус

ДИОКСИДИН 10 мг/мл 5 мл №10 ампул

9:00-ден кейін қолжетімді
4600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антисептики и дезинфицирующие препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО Новосибхимфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Препараттың бір дозасының құрамында: 1 мл Диоксидин® препаратының құрамында: белсенді зат: гидроксиметилхиноксалиндиоксид (диоксидин) - 10.0 мг; қосымша зат: инъекцияға арналған су - 1 мл дейін
Қолданылуы
Диоксидин ® препараты ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген. Басқа химиотерапиялық препараттардың тиімсіздігімен немесе олардың нашар төзімділігімен сезімтал микрофлорадан туындаған іріңді бактериялық инфекциялар. Қуыс ішіне енгізу кеуде және құрсақ қуыстарының  іріңді процестер, іріңді плевритте, плевра эмпиемасында, өкпе абцестерінде, перитониттерде, циститтерде, терең іріңді қуыстары бар жараларда (жұмсақ тіндер абсцестерінде, жамбас шел қабатының флегмоналарында, операциядан кейінгі несеп және өт шығару жолдарының жараларында, іріңді маститте және т. б.) қуықты катетеризациялаудан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасында. Сыртқа қолдану орналасуы әртүрлі беткейлік және терең жаралар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жараларда,  жұмсақ тіндер флегмоналары, инфекция жұқтырған күйікте, остеомиелит кезіндегі іріңді жараларда. Егер жақсару болмаса немесе 7 күннен кейін денсаулығыңыз нашарласа, дәрігерге қаралу керек.
Қарсы көрсетілімдер
Диоксидинге аса жоғары сезімталдық; Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне (оның ішінде анамнезде); Жүктілік және бала емізу кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Қуыс ішіне енгізу. Іріңді қуысқа оның мөлшеріне байланысты тәулігіне 10-нан 50 мл-ге дейін 1% (0,1-0,5 г) Диоксидиннің® ерітіндісі енгізіледі. Диоксидиннің® ерітіндісі қуысқа катетер, дренажды түтік немесе шприц арқылы енгізіледі. Қуысқа енгізуге арналған ең жоғары тәуліктік доза - 70 мл 1% ерітінді (0,7 г). Сыртқа қолдану. Диоксидиннің® 0,1-1% ерітінділері қолданылады. 0,1-0,2% ерітінді алу үшін препараттың ампуладағы ерітіндісін қажетті концентрациясына дейін стерильді натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған сумен сұйылтады. Беткейлік инфекциялық іріңді жараларды емдеу үшін жараға Диоксидиннің® 0,5-1% ерітіндісінде суланған сүрткілер салынады Терең жараларды өңдегеннен кейін Диоксидиннің® 1%  ерітіндісінде суланған тампондар бос салынады, ал дренаж түтігі болған кезде қуысқа 20-дан 100 мл-ге дейін препараттың 0,5% ерітіндісі енгізіледі. Остеомиелит кезінде терең іріңді жараларды емдеу үшін (қолдың, табанның жаралары) ванна түрінде препараттың 0,5% ерітіндісі қолданылады немесе кейіннен Диоксидиннің® 1% ерітіндісімен таңу арқылы препараттың ерітіндісімен жараны арнайы емдеу жүргізіледі. Ең жоғары тәуліктік доза - 2,5 г. Диоксидиннің® 0,1-0,5% ерітіндісі түрінде операциялық араласудан кейін инфекцияның алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болады. Егде жастағы адамдарда қолданғанда бүйрек функциясының жасқа байланысты төмендеуін ескеру керек, ол препарат дозасын азайтуды талап етуі мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Диоксидин® препаратын стационар жағдайында, дәрігердің қатаң бақылауымен тек ересектерге тағайындалады. Сыртқа, қуыс ішіне қолданылады. Инфекциялық аурулардың ауыр түрлерінде немесе басқа бактерияға қарсы препараттар тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды. Емдеу курсын бастар алдында препараттың төзімділігіне сынама жасайды, ол үшін 10 мл 1% ерітіндіні инфекциялық ошақ-қуысқа енгізеді. Жағымсыз құбылыстар (бас айналу, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы және т.б.) 3-6 сағат ішінде болмаса, курстық емдеуді бастайды. Жағымсыз реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда енгізуді тоқтатады. Диоксидин® 1% ерітіндісін төмен температурада сақтау кезінде ерітіндінің тұрақсыздығына байланысты вена ішіне енгізу үшін қолдануға болмайды. Диоксидиннің® ерітіндісі бар ампулаларда сақтау процесінде (15°С-ден төмен температурада) кристалдары шөккен жағдайда, ампулаларды қайнап тұрған су моншасында кристалдары толық ерігенге дейін (мөлдір ерітінді) сілки отырып қыздырып ерітеді. Егер 36-38°C дейін салқындаған кезде кристалдар қайтадан түспесе, препарат қолдануға жарамды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қуыс ішіне енгізу. Препаратты қуысқа әдетте күніне бір рет енгізеді. Көрсеткіштер бойынша тәуліктік дозаны екі қабылдауда енгізуге болады. Жақсы төзімділік жағдайында препаратты күн сайын енгізуге болады. Сыртқа қолдану. Остеомиелит кезінде терең іріңді жараларды емдеу үшін (қол білезігі, табан жаралары) жараны 15-20 минут ішінде препараттың ерітіндісімен арнайы емдеу жүргізіледі (осы кезеңде жараға ерітінді енгізу), содан кейін таңғыштар салынады. Операциялық араласымнан кейін инфекцияның профилактикасында және емдеу үшін көрсеткіштер бойынша (остеомиелитпен ауыратын науқастар) және жақсы төзімділік жағдайында емдеуді күнделікті жүргізуге болады Емдеу ұзақтығы Қуыс ішіне енгізу. Жақсы төзімділік жағдайында препаратты 3 апта бойы немесе одан да көп уақытқа енгізуге болады. Қажет болғанда емдеу курсын 1-1,5 айдан кейін қайталайды. Сыртқа қолдану. Остеомиелитет (қол білезігі, табан жаралары) терең іріңді жараларды емдеу үшін - 3 аптаға дейін. Операциялық араласымнан кейін инфекцияның профилактикасында және емдеу үшін - 1,5 - 2 ай.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.