ДИНАПАР QPS 4% 15 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
4665 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Troikaa Pharmaceuticals Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препарат құрамы белсенді зат - 46.400 мг диклофенак диэтиламині (40.000 мг натрий диклофенагына баламалы) қосымша заттар: этанол, бутилденген гидроксианизол, бутилденген гидрокситолуол, олеин қышқылы, ментол, глицерин, пропиленгликоль.
Қолданылуы
ДИНАПАР QPS дәрілік препараты жеңіл және орташа ауыру мен қабынуды симптоматикалық басу үшін көрсетілген: - арқаның ауыруы, байламдардың ширығуы және созылуы кезінде - сіңірлер, байламдар, бұлшықеттер және буындардың жарақаттарында
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенак, ацетилсалицил қышқылына, басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылын (аспирин) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолданудан болатын демікпе, есекжем немесе жедел ринит бар пациенттерге - жүктіліктің үшінші триместрі - балалар және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Бірінші рет ДИНАПАР QPS қолданар алдында сорғыны ауаға 2-3 рет бүркіп толтырып алыңыз. Зақымданған аумаққа күніне әр 4 сағат сайын сорғы поршенін 4 рет қолдану (16 мг натрий диклофенагына баламалы 0.4 мл), күніне 4 рет жағу керек. Сорғы поршенінің қолданылатын жүрістерінің саны емделуі тиіс аумаққа қарай жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Ең жоғары бір реттік дозасында сорғы поршені 10 рет, ал ең жоғары тәуліктік дозасында сорғы поршені 41 рет қолданылады (160 мг натрий диклофенагына баламалы 4 мл), әрі оны одан асыруға болмайды. Оны жағылған аумақтан 15-20 см қашықтықта бүрку керек. ДИНАПАР QPS сусыз ерітінді болып табылады, сондықтан бүрку сызбасы сулы ерітінділердің немесе спрей-аэрозольдердің бүрку сызбасына ұқсас болмайды. Бүрку жүйесінің негізгі міндеті – 0.1 мл ерітіндіні жеткізетін дозатордың әр ағынымен дәл дозалауды қамтамасыз ету. Спрейдің қажетті мөлшерін жағудан кейін ерітіндіні саусақ ұшымен жайлап жағыңыз. Пациентке жаққаннан кейін өңделген аумақты уқаламау жөнінде нұсқау берілуі тиіс. Сондай-ақ, пациентке жаққаннан кейін 8-10 минут бойы өңделген жерді жумауға және киімге немесе басқа заттарға тигізіп алмауға кеңес беру керек. Барынша қысқа ұзақтықпен ең төмен тиімді дозаны пайдалану ұсынылады. Симптомдар (ауыру және/немесе ісіну) басылғанда емдеуді тоқтатуға болады. Егер ауыру және/немесе ісіну басылмаса немесе егер олар 7 күн ішінде күшейіп кетсе, пациентті дәрігермен кеңесу қажеттілігінен хабардар ету керек. Пациенттерге 7 күннен көп қолдану қажет болған жағдайда препаратты дәрігер нұсқауларына сәйкес қолдану қажеттілігі жөнінде мәлімдеу керек. Балалар 14 жасқа толмаған балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз. 14 жастан бастап және одан асқан балаларда ауырсынуды жеңілдету үшін 7 күннен көп қолдану кезінде немесе егер симптомдар нашарлағанда дәрігерге қаралуға кеңес беріледі. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес, бірақ егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеу ықтималдығы зор екендіктен, ДИНАПАР QPS препаратын қолдану кезінде бүйрек функциясына мониторинг өткізу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылуларында препаратты абайлап қолдану керек. Препаратты қолданар алдында дозаларды таңдау үшін дәрігермен кеңескен дұрыс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында препаратты сақтықпен қолдану керек. Препаратты қолданар алдында дозаларды таңдау үшін дәрігермен кеңескен дұрыс. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған. ДИНАПАР QPS препараты тек сыртқа қолдануға арналған және ішке қолданылмайды, шырышты қабыққа, ашық жараға, тілікке немесе зақымданған теріге жағуға болмайды. ДИНАПАР QPS препаратын қолданар алдында теріге жағатын бөлік таза және құрғақ болуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.