+169 бонус

ДИНАПАР AQ 75 мг/мл №5 амп Диклофенак

3390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампула 1 мл ерітіндінің ішінде белсенді зат – натрий диклофенагы, 75 мг қосымша заттар: бензил спирті, динатрий эдетаты, сусыз натрий сульфиті, калий дигидрофосфаты, натрий гидроксиді гликофурол, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған Бұлшықет ішіне енгізу үшін Препарат аталғандармен қоса, ауырудың жедел түрлері кезінде қолданылады: - бүйректің шаншуы - остео- және ревматоидты артриттің өршуі - арқаның қатты ауыруы - подагра ұстамасының өршуі - жедел жарақаттар мен сынулар - операциядан кейінгі ауыру Вена ішіне енгізу үшін - стационар жағдайларында операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу және оның профилактикасы үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, натрий метабисульфитіне немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық - асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары (өршу фазасында), ойық жарадан қан кету немесе тесілуі, оның ішінде анамнезінде ҚҚСП қолданумен байланысты қан кету және тесілудің болуы - жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - бауыр жеткіліксіздігі - бүйрек жеткіліксіздігі - коронарлық шунттау операциясынан (немесе жасанды қан айналымы аппаратын қолданудан) кейін операциядан кейінгі ауыруды емдеу - анықталған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA жіктеуі бойынша II-IV функционалдық класы), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулар - ибупрофенге, ацетилсалицил қышқылына және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аллергиялық реакция, бұл демікпенің өршуімен, бет пен ауыздың ісінуімен (ангионевроздық ісіну), тыныс алу проблемаларымен, мұрынның бітелуімен, тері бөртпесі немесе кез келген басқа аллергиялық реакциямен білінуі мүмкін Арнайы вена ішіне енгізгенде - ҚҚСП немесе антикоагулянттарды (гепариннің төмен дозаларын қоса) бір мезгілде қолдану - анамнездегі геморрагиялық диатез, анамнездегі расталған немесе күмән тудыратын цереброваскулярлық қан кету - қан кетудің жоғары қаупімен байланысты операциялар - анамнездегі демікпе - бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (сарысулық креатинин >160 мкмоль/л) - гиповолемия немесе кез келген себептен организмнің сусыздануы
Дозасы
Жағымсыз әсерлерін симптомдарды бақылау үшін талап етілетін, мүмкіндігінше, ең қысқа кезең ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы азайта түсуге болады. Ересектер ДИНАПАР AQ, инъекцияға арналған ерітіндісін (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізу үшін) 2 күннен артық енгізуге болмайды. Емдеуді пероральді түрде немесе суппозиторийлерде диклофенакпен жалғастыруға болады. Бұлшықет ішіне инъекциялар: ДИНАПАР AQ, инъекцияға арналған ерітіндісін тек медициналық мамандар енгізуі тиіс. Инъекция салған жерде жүйкенің немесе басқа тіннің зақымдануын болдырмау үшін бұлшықет ішіне енгізу жөніндегі келесі нұсқауларды қадағалау қажет. Бір ампуланы күніне бір рет (ауыр жағдайларда екі рет) бөксе аумағының жоғарғы сыртқы төрттен бір бөлігіне немесе дельта тәрізді бұлшықет ішіне терең енгізу керек. Егер күніне екі инъекция енгізу қажет болса, екінші инъекцияны бөксе аумағының қарама-қарсы жағына немесе дельта тәрізді бұлшықет ішіне салу ұсынылады. Балама ретінде препараттың күніне бір инъекциясын (75 мг) диклофенактың басқа дәрілік түрлерін (таблеткалар, суппозиторийлер) қабылдаумен біріктіруге болады, бұл ретте диклофенактың ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне 150 мг мөлшерінен аспауы тиіс. Бүйрек шаншулары Ұсынылатын доза – бұлшықет ішіне 75 мг бір ампула. Қажет болса, қайталау ампуласын 30 минут өткен соң енгізуге болады. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза – тәулігіне 150 мг диклофенак. Венаішілік инфузиялар: Тура венаішілік инфузияны бастар алдында ДИНАПАР AQ 100-500 мл натрий хлориді ерітіндісінде (0.9%) немесе глюкоза ерітіндісінде (5%) сұйылтылуы тиіс. Екі ерітінді де натрий бикарбонатының буферлік ерітіндісіне (0.5 мл 8.4% немесе 1 мл 4.2%) қосылуы тиіс. Тек мөлдір ерітінділерді пайдалануға болады. Вена ішіне болюсті Операциядан кейінгі орташа және ауыр ауырсыну кезінде 30-60 секунд ішінде болюсті инъекция түрінде вена ішіне 75 мг енгізу керек. Қажет болғанда емдеуді 24 сағатта кез келген кезең ішінде 150 мг асырмай, 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады. Екі балама енгізу режимі ұсынылады: - операциядан кейінгі орташа және ауыр ауырсынуды емдеу үшін 30 минуттан 2 сағатқа дейінгі кезеңде үздіксіз инфузия түрінде вена ішіне 75 мг енгізілу керек. Қажет болса, емдеуді 24 сағаттық кез келген кезең ішінде 150 мг мөлшерінен асырмай, 4-6 сағат өткен соң қайталауға болады. - операциядан кейінгі ауырсынулар профилактикасы үшін инфузия операциядан кейін 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақыт ішінде 25 мг-ден 50 мг дейінгі қанықтыру дозасында жасалып, 150 мг ең жоғары тәуліктік дозасына дейін шамамен сағатына 5 мг үздіксіз инфузияға ұласады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Диклофенак фармакокинетикасы егде жастағы пациенттерде қандай да бір клиникалық мәнді дәрежеде бұзылмаса да, әдетте, жағымсыз реакцияларға өте бейім осындай пациенттерде ҚҚСП ерекше сақтықпен қолданылу керек. Атап айтқанда, әлсіреген егде жастағы пациенттерде немесе дене салмағы төмен пациенттерде (сақтандыру шараларын да қараңыз) ең төмен тиімді дозаны және мүмкіндігінше қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдалану ұсынылады, ал пациент ҚҚСП емі кезінде асқазан-ішек жолынан қан кету тұрғысынан қадағалауда болуы тиіс. Жүрек-қантамырлық және елеулі жүрек-қантамырлық қауіп факторлары бар пациенттер Диклофенакты анықталған жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA-I) немесе жүрек-қантамырлық аурулардың елеулі қауіп факторлары бар пациенттер мұқият қарастырудан кейін ғана диклофенакпен емделуі тиіс. Жүрек-қантамырлық аурулар қаупі диклофенак дозасын және әсер ету ұзақтығын арттырумен жоғарылауы мүмкін екендіктен, ең төмен тиімді тәуліктік доза мен мүмкіндігінше өте қысқа қабылдау ұзақтығын пайдалану керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер ДИНАПАР AQ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер арасында мамандандырылған зерттеулер болмауына орай, дозаны арнайы түзетуге қатысты нұсқаулар беру мүмкін болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде ДИНАПАР AQ препаратын қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер ДИНАПАР AQ бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер арасында мамандандырылған зерттеулер болмауына орай, дозаны арнайы түзетуге қатысты нұсқаулар беру мүмкін болмайды. Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде ДИНАПАР AQ препаратын қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі. Балалар ДИНАПАР AQ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.