+227 бонус

ДИМИА 3 мг/0,02 мг №28 таб

4550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 3 мг кристалды дроспиренон, 0,02 мг микрондалған этинилэстрадиол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, макрогол және поливинилді спирт сополимері, магний стеараты, үлбірлі қабық құрамы: Опадрай II. Ақ 85G18490: поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк, соя лецитині, бір плацебо таблетка құрамы: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, үлбірлі қабық құрамы (плацебо): Опадрай II. Жасыл 85F21389: поливинил спирті, титанның қостотығы (E 171), макрогол 3350, тальк, индигокармин (Е 132), хинолинді сары (Е 104), темірдің қара тотығы (Е 172), күн батар түстес сары (Е 110).
Қолданылуы
Ішуге арналған контрацепция. ДИМИА препаратын тағайындар алдында әйелде, әсіресе, вена тромбоэмболияcына (ВТЭ) қатысты жеке қауіп факторларының бар-жоғын есепке алу керек, сондай-ақ ДИМИА препаратын қолдану кезіндегі ВТЭ қаупін басқа біріктірілген гормональді контрацептивтер (БГК) қабылдау кезіндегі ВТЭ қаупімен салыстыру керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Арнайы сақтандырулар» бөлімдерін қараңыз).
Қарсы көрсетілімдер
Төменде тізбеленген жай-күйлердің кез келгені болғанда БГК қолдануға болмайды. Егер ондай жай-күй БГК қабылдау кезінде алғаш дамыған жағдайда препарат қабылдауды дереу тоқтату керек. - Әсер етуші заттарға немесе «Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - Жер жаңғағы мен сояға жоғары сезімталдық - ВТЭ болуы немесе туындау қаупі: - Қазіргі уақытта (антикоагулянттар қабылдау) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ] ВТЭ болуы. - Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған ВТЭ бейімділігі, мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (V Лейден фaкторын қоса), антитромбин III тапшылығы, С протеин тапшылығы, S протеин тапшылығы. - Иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды операциялық араласулар («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). - Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын жоғары ВТЭ қаупі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). - Артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі: - Қазіргі уақытта немесе анамнезде АТЭ (мысалы, миокард инфарктісі) немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, стенокардия) болуы. - Ми қан айналымының бұзылуы - қазіргі уақытта немесе анамнезде инсульттің немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл - [ТИШ]) болуы. - Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған АТЭ бейімділігі, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт). - Анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасының болуы. - Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын АТЭ дамуының («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз) немесе төменде тізбеленгендерден бір күрделі қауіп факторы болуының жоғары қаупі: - тамыр асқынуларымен болатын қант диабеті; - ауыр артериялық гипертензия; - ауыр дислипопротеинемия. - Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыпқа түсуіне дейінгі бауырдың ауыр сипатты ауруының болуы. - Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі. - Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр (қатерсіз немесе қатерлі) ісіктерінің болуы. - Белгілі немесе күмән тудыратын гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) қатерлі ісіктер; - Этиологиясы түсініксіз қынаптан қан кетулер. - Бірінші етеккірлік оралымына дейін (менархе). - Жүктілік немесе оған күмән болуы, емшекпен қоректендіру кезеңі. - Менопаузадан кейінгі кезең. - Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактозалық мальабсорбция. - Құрамында белгілі бір бояғыштардың болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға («Дәрілік препарат құрамы» бөлімін қараңыз). ДИМИА препаратын және құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді («Арнайы сақтандырулар» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз). Плацебо-таблеткалар құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін «күн батар түстес сары» бояғыш (E110) бар.
Дозасы
Дозалану режимі ДИМИА препаратын қалай қабылдау керек Таблеткаларды пішінді ұяшықты қаптамада көрсетілген тәртіпте, қажет болса, аздаған су мөлшерімен ішіп, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта қабылдау керек. Таблеткаларды қабылдау арасында үзілістер болмауы тиіс. Препаратты 28 күн бойы тәулігіне 1 таблеткадан үздіксіз режимде қабылдау керек. Әр келесі қаптаманы қабылдауды алдыңғы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдаудан кейін келесі күні бастау керек. «Тоқтатудан» болатын қан кету, әдетте, жасыл плацебо-таблеткалар (соңғы қатар) қабылдаудың басталуынан кейін 2-3 күні басталады және оның келесі қаптаманы қабылдаудың басталуына дейін аяқталуы міндетті емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.