+50 бонус

Диклосейф супп.рек 50мг №10

9:00-ден кейін қолжетімді
1015 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында: белсенді зат: натрий диклофенагы 50 мг, қосымша зат: Қатты май (Suppocire NAI 25A)
Қолданылуы
Төмендегіні қоса, ауқымы кең ауруларда кез келген дәрежедегі ауыруды және қабынуды жеңілдетеді: - ревматоидты артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилитте (Бехтерев ауруы), жедел подаграда - периартрит (мысалы, иық-жауырындық периартрит), тендинит, теносиновит, бурсит сияқты сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларында - сүйектің сынуын, белдің ауыруын, байламдардың созылуын, шығуды, ортопедиялық, стоматологиялық операцияларды және басқа да кіші хирургиялық араласымды қоса, жарақаттану нәтижесінен болған ауыру синдромдарының басқа да түрлерінде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - жүрек функциясының іркілісті жеткіліксіздігінің (NYHA II-IV) анықталуы, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар - асқыну сатысындағы асқазанның немесе ішектің ойық жаралары, қан кету немесе тесілу, бұдан бұрын ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан-ішектік қан кетулерді немесе тесілуді бастан өткеру - жедел немесе қайталанатын ойық жара ауру/қан кету (анамнезде анықталған ойық жаралардың немесе қан кетулердің екі немесе одан көбірек көріністері) - бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі - ибупрофенді, ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдау бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, ангионевроздық ісіну, жедел ринитке түрткі болған пациенттерге - проктит - жүктіліктің III триместрі - 15 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қабылдай отырып, жағымсыз әсерлер барынша азайтылуы мүмкін. Ересектер Тәуліктік доза 100 мг. Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер үшін ұсынылатын доза – 1 суппозиторийден, оны әдетте ұйқы алдында күніне бір рет енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауы тиіс. Әртүрлі дәрілік түрлер, мысалы, таблеткалар мен суппозиторийлер біріктірілуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы пациенттерде ДИКЛОСЕЙФ® препаратының фармакокинетикалық бейінінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер білінбесе де, ҚҚСД-ні жағымсыз әсерлердің дамуына бейім пациенттердің осы тобына сақтықпен тағайындаған жөн. Қартайған жастағы әлсіз немесе дене салмағы аз пациенттерге ҚҚСД ем жүргізген кезде тиімді ең ақ дозалар, сондай-ақ асқазан-ішектік қан кетулерге мониторинг жүргізу ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылуы: Диклофенакты бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Зерттеулер бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзету бойынша нұсқаулар жоқ. Диклофенакты бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Бауыр жеткіліксіздігі: Диклофенакты бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Зерттеулер бауыр функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзету бойынша нұсқаулар жоқ. Диклофенакты бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Енгізу жолы және тәсілі Ішке қабылдауға болмайды, тек ректальді түрде енгізуге арналған. Суппозиторийлерді тік ішекке енгізу керек. Суппозиторийді дефекациядан кейін енгізу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.