ДИКЛОСЕЙФ 100 мг №10 супп рект

9:00-ден кейін қолжетімді
1340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Kusum Healthcare Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір суппозиторий құрамында белсенді зат: натрий диклофенагы 100 мг, қосымша зат: (Suppocire NAI 25A) қатты майы
Қолданылуы
Төмендегіні қоса, ауқымы кең ауруларда кез келген дәрежедегі ауыруды және қабынуды жеңілдету үшін: - ревматоидты артрит, остеоартрит, шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы), жедел подагра - периартрит (мысалы, иық-жауырын периартриті), тендинит, теносиновит, бурсит сияқты сүйек-бұлшықет аурулары - сүйектің сынуын, белдің ауыруын, байламдардың созылуын, шығуды, ортопедиялық, стоматологиялық операцияларды және басқа да кіші хирургиялық араласымды қоса, жарақаттану нәтижесінен болған ауыру синдромдарының басқа да түрлері.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анықталған жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар - асқыну сатысындағы асқазанның немесе ішектің ойық жаралары, қан кету немесе тесілу, бұдан бұрын ҚҚСП қабылдаумен байланысты болған асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу - жедел немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету (анамнезде анықталған ойық жаралардың немесе қан кетулердің екі немесе одан көбірек көріністері) - бауыр, бүйрек немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі - ибупрофенді, ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдау салдарынан бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, ангионевроздық ісіну, жедел ринит өршіген пациенттерге - проктит - жүктіліктің III триместрі - 15 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қабылдай отырып, жағымсыз әсерлер барынша азайтылуы мүмкін. Ересектер Тәуліктік доза 100 мг. Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер үшін ұсынылатын доза – 1 суппозиторийден, оны әдетте ұйқы алдында күніне бір рет енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауы тиіс. Әртүрлі дәрілік түрлер, мысалы, таблеткалар мен суппозиторийлер біріктірілуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы пациенттерде ДИКЛОСЕЙФ® препаратының фармакокинетикалық бейінінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер білінбесе де, ҚҚСД-ні жағымсыз әсерлердің дамуына бейім пациенттердің осы тобына сақтықпен тағайындаған жөн. Қартайған жастағы әлсіз немесе дене салмағы аз пациенттерге ҚҚСД ем жүргізген кезде тиімді ең аз дозалар, сондай-ақ асқазан-ішектік қан кетулерге мониторинг жүргізу ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылуы: Диклофенакты бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер қатыстырылған зерттеулер жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзетуге қатысты нұсқаулар жоқ. Диклофенакты бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Бауыр жеткіліксіздігі: Диклофенакты бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер қатыстырылған зерттеулер жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзетуге қатысты нұсқаулар жоқ. Диклофенакты бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға болмайды, тек ректальді түрде енгізуге арналған. Суппозиторийлерді тік ішекке енгізу керек. Суппозиторийді дефекациядан кейін енгізу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.