+159 бонус

ДИКЛОФЕНАК-ТЕВА 75 мг/2 мл №5 амп

3190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Меркле ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді зат – 75,0 мг натрий диклофенагы, қосымша заттар: динатрий эдетаты, N-ацетилцистеин, пропиленгликоль, макрогол 400, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Бұлшықет ішіне енгізу - ревматизмнің қабыну және дегенеративтік түрлерінің өршуі: ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилит, остеоартроз, спондилоартрит, омыртқа аурулары кезіндегі ауыру синдромы, буыннан тыс ревматизмде - подаграның жедел ұстамасында - бүйрек немесе бауыр шаншуында - жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауыру синдромы, қабыну және ісінуде - бас сақинасы ауыр ұстамаларында Вена ішіне инфузия - стационар жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу немесе профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа немесе дәрілік препараттың басқа компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық - асқазанның және/немесе ішектің ойық жара ауруы, қан кету немесе тесілуі - анамнездегі қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданғаннан кейінгі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі қайталанатын ойық жара немесе қан құйылулар (ойық жаралардың немесе қан кетулердің екі немесе одан көп жекелеген көрінісі) - бауыр жеткіліксіздігі - бүйрек жеткіліксіздігі - жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулар - басқа ҚҚСП сияқты, диклофенакты ибупрофенді, ацетилсалицил қышқылын және басқа ҚҚСП-мен қабылдау аясында туындаған демікпе ұстамалары, ангионевроздық ісінуі, есекжем немесе жедел риниті, мұрын полиптері бар пациенттерге қолдануға болмайды операциядан кейінгі қан кету, толық емес гемостаз, қан ұюының бұзылуы немесе цереброваскулярлы қан кетудің жоғары қаупі бар пациенттер коронарлық шунттаудан кейін операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдалану) ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жаралы колит сияқты) қан көрінісінің шығу тегі белгісіз бұзылулары - жүктіліктің III триместрі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Препараттың дозасы жеке тағайындалуы тиіс. Жағымсыз әсерлерді азайту үшін симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төменгі тиімді дозаны қолдану керек. Диклофенак-Тева инъекциясын қатарынан 2 күннен артық қолдануға болмайды. Қажет болған жағдайда ем Диклофенак-Теваның таблетка немесе суппозиторий түрлерінің көмегімен жалғасуы мүмкін. Бұлшықет ішіне енгізу Препаратты ересек пациенттерге қолданады. Инъекция жасалған жерде жүйкенің немесе басқа да тіндердің зақымдануын болдырмау үшін препаратты бөксе аумағының жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықетке терең енгізу керек. Күніне 1 ампула (75 мг натрий диклофенагы) тағайындалады. Ауыр жағдайларда (мысалы, шаншу кезінде) бірнеше сағат аралықпен 75 мг-нан 2 инъекция жүргізілуі мүмкін (екінші инъекция қарама-қарсы бөксе аумағына жүргізілуі тиіс). Балама ретінде препараттың күніне бір инъекциясын (75 мг) Диклофенак-Тева препаратының басқа дәрілік түрлерін (таблетка немесе суппозиторий) қабылдаумен біріктіруге болады, бұл ретте ең жоғары тәуліктік доза 150 мг құрайды. Венаішілік инфузия Диклофенак-Тева препаратының инфузиясын бастар алдында 100-500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде еріту керек. Екі ерітінді де натрий бикарбонатының (0,5 мл 8,4% ерітіндісі немесе 1 мл 4,2%) ерітіндісімен буферленуі тиіс. Диклофенак-Тева инъекцияға арналған ерітіндісін венаішілік болюсті инъекция түрінде енгізуге болмайды. Препаратты дозалаудың екі баламалы режимі ұсынылады: Орташа және қатты операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін 30 минуттан 2 сағатқа дейін 75 мг енгізу қажет. Қажет болған жағдайда емді 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады, 24 сағат ішінде 150 мг аспауы тиіс. Операциядан кейінгі ауырсынудың алдын алу үшін хирургиялық араласудан кейін 15 минуттан 1 сағатта 25-50 мг жүктеме дозасын енгізу қажет, осыдан кейін ең жоғары тәуліктік 150 мг дозаға дейін шамамен 5 мг/сағ үздіксіз инфузияны қолдану қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бастапқы дозаны түзету қажет емес. Дегенмен, әлсіз егде жастағы пациенттерде немесе дене салмағы төмен егде жастағы пациенттерде қолданған кезде сақ болу қажет. Анықталған жүрек-қантамыр ауруы немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан елеулі қауіп факторлары Диклофенак-Тева анықталған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Қажет болған жағдайда ең төменгі тиімді тәуліктік дозаны және мүмкіндігінше қысқа уақытта пайдалану керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Диклофенак-Теваны бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер арасында мамандандырылған зерттеулердің жоқтығына байланысты дозаны арнайы түзету бойынша ұсыныстарды беру мүмкін емес. Диклофенакты жеңіл және ауырлығы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Диклофенак-Теваны бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер арасында мамандандырылған зерттеулердің жоқтығына байланысты дозаны арнайы түзету бойынша ұсыныстарды беру мүмкін емес. Диклофенакты жеңіл және ауырлығы орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.