+69 бонус

ДИКЛОФЕНАК-ТЕВА 50 мг №10 супп рект

1380 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Меркле ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат - 50 мг немесе 100 мг натрий диклофенагы, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремний, қатты май (Witepsol H15)
Қолданылуы
- артриттерде: ревматоидтық артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилоартритте, жедел подаграда - бұлшықет-қаңқа жүйесінің периартрит сияқты жедел бұзылыстарында (мысалы, иықтың қарысып қалуында), тендинитте, теносиновитте, бурситте - жарақат нәтижесінде туындаған басқа ауырсыну жағдайларында (сынуларды, созылуларды, шығып кетулерді қоса), ортопедиялық, стоматологиялық және басқа шағын операцияларда; бел ауыруында. Диклофенак-Тева 50 мг және 100 мг суппозиторийлері балаларда қолданылмайды.
Қарсы көрсетілімдер
-диклофенакқа, немесе дәрілік препараттың басқа компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық - асқазанның және/немесе ішектің ойық жара ауруы, қан кету немесе тесілуі - анамнездегі ҚҚСП қолданғаннан кейінгі асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі қайталанатын ойық жара немесе қан құйылулар (ойық жаралардың немесе қан кетулердің екі немесе одан көп жекелеген көрінісі) - бауыр жеткіліксіздігі - бүйрек жеткіліксіздігі - жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулар - басқа ҚҚСП сияқты, диклофенакты ибупрофенді, ацетилсалицил қышқылын және басқа ҚҚСП-мен қабылдау аясында туындаған демікпе ұстамалары, ангионевроздық ісінуі, есекжем немесе жедел риниті, мұрын полиптері бар пациенттерге қолдануға болмайды - жүктіліктің III триместрі - қан көрінісінің шығу тегі белгісіз бұзылулары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - проктит, геморрой
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Жағымсыз әсерлерін азайту үшін, ең төменгі тиімді дозасын симптомдарды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт аралығында қолдану керек. Ректальді енгізуге арналған. Суппозиторийлерді үлкен дәреттен кейін тік ішекке салу керек. Дозасы мен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер ауру ағымының ерекшеліктеріне және жағдайдың ауырлығына байланысты белгілейді. Ревматизм аурулары кезінде препаратпен емдеу ұзаққа созылуы мүмкін. Ересектер үшін ұсынылатын дозасы – тәулігіне 1 рет 100 мг 1 суппозиторийден. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 150 мг аспауы тиіс. Егде жастағыларда Егде жастағы науқастарға немесе дене салмағы төмен адамдарға ең төменгі тиімді дозасын пайдалану ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге диклофенакты қолдануға болмайды, бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге – сақтықпен тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі Диклофенакты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Диклофенакты бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайынаған кезде сақтық таныту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.