+105 бонус

ДИКЛОФЕНАК-ТЕВА 1% 40г гель д/нар прим

2110 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Ратиофарм ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гельдің құрамында белсенді зат - 1,0 г натрий диклофенагы, қосымша заттар: диизопропил адипаты, гидроксипропилцеллюлоза, 90% сүт қышқылы, натрий дисульфиті, изопропил спирті, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауыруды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: - сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқаның ауыруында - ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартрит - шеткері буындардың остеоартроздарын симптоматикалық емдеуге арналған (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа, ацетилсалицил қышқылына және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге, изопропил спиртіне немесе дәрілік препараттың басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылына (аспирин) немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге туындаған анамнездегі демікпе, есекжем немесе жедел ринит ұстамасы - жүктіліктің үшінші триместрі - 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Сыртқа. Ересектерге, жасөспірімдерге және 12 жастан асқан балаларға дененің ауырған аймақтарына теріге жеңіл ысқылай отырып күніне 3-4 рет. Өңделетін аймақтың көлеміне байланысты 2-4 грамм препаратты жағу керек (гельдің шие немесе жаңғақтай мөлшері терінің 400-800 см2 аймағына жағу үшін жеткілікті), оны жеңіл қозғалыстармен күніне 3-4 рет ысқылап жағыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін алдымен қолыңызды құрғақ қағаз сүлгімен сүртіп, содан кейін жуу ұсынылады (саусақтарды емдеуді қоспағанда). Пайдаланылған қағаз сүлгіні тұрмыстық қоқыспен бірге утилизациялау керек. Душ немесе ванна қабылдағанға дейін пациент теріге қолданылатын препараттың кебуін күтуі керек. Егер препаратты қолдану басталғаннан кейін 7 күн ішінде жағдайдың жақсаруы байқалмаса немесе жағдайы нашарласа, ауырсынудың басқа ықтимал себебін болдырмау үшін дәрігермен кеңесу керек. 12 жасқа дейінгі балалар Диклофенак-Тева, 1 % сыртқа қолдануға арналған гельдің қауіпсіздігі мен тиімділігі 12 жасқа дейінгі балаларда қазіргі уақытта анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жүйелік қолжетімділіктің төмендігіне байланысты дозаны түзету талап етілмейді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы емнің көрсетілімдері мен тиімділігіне байланысты. 2 апта қолданғаннан кейін симптомдардың жақсаруы болмаған жағдайда емдеу сызбасын қайта қарау ұсынылады. Препаратты 14 күннен артық қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.