Дозасы
Ұсынылатын дозасы аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 50-ден 150 мг дейінгі натрий диклофенагын құрайды. Диклофенактың ең жоғары тәуліктік дозасы 150 мг құрайды.
Диклофенак ШТАДА®, 50 мг суппозиторийлер
Ересектерге 50 мг Диклофенак ШТАДА(-ның 1 суппозиторийін, тәулігіне 1-3 реттен тағайындайды.
Жасы
Бір реттік доза
Жалпы тәуліктік доза
Ересектер
1 суппозиторий (яғни 50 мг натрий диклофенагы)
1-3 суппозиторий (яғни 50-150 мг натрий диклофенагы)
Диклофенак ШТАДА®, 100 мг суппозиторийлер
Ересектерге 1 суппозиторийден Диклофенак ШТАДА®-ның 100 мг (100 мг натрий диклофенагына сай) тәулігіне 1 рет тағайындайды.
Қажет болғанда Диклофенак ШТАДА® ректальді суппозиторийін басқа дәрілік түрдегі (мысалы, таблеткалар) диклофенак қолданумен біріктіруге болады, бұл арада диклофенактың тәуліктік дозасы 150 мг аспауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Суппозиторийді тік ішекке, мүмкіндігінше, дефекациядан кейін, енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына байланысты белгілейді.
Ревматизмдік жай-күй Диклофенак ШТАДА®-мен ұзақ уақыт емдеуді талап етуі мүмкін.
Егер препаратты ең аз тиімді дозада симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа мерзім уақыт ішінде қолданса жағымсыз құбылыстар дамуының қаупін елеулі азайтуға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: бас ауыруды, бас айналуды, ұйқышылдық және естен тану жағдайын қоса алғандағы ОЖЖ тарапынан болатын бұзылулар (сондай-ақ балаларда миоклонус). Сондай-ақ іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу, гипотензия, тыныстың тарылуы және цианоз пайда болуы мүмкін. Асқазан-ішектен қан кетуі және бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп жіберген кезде қажет шаралар
Егер Сіз препаратты белгіленген уақытта қолдануды ұмытып кетсеңіз, суппозиторийді бұл туралы есіңізге түскен мезетте тез арада енгізіңіз, содан кейін оны дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Өткізілген дозаны толтыру үшін екі еселік дозаны қолданбаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін)
бас ауыру, бас айналу
вертиго
жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, абдоминальді ауыру, метеоризм, анорексия (тәбет жоғалту)
сарысулық трансаминазалар деңгейі жоғарылауы
тері бөртпесі
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
миокард инфаркті, жүрек жеткіліксіздігі, жиілеген жүрек қағуы, кеудедегі ауыру
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін)
аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар (артериялық гипотензияны және шокты қоса)
ұйқышылдық, қажу
демікпе (ентігуді қоса)
гастрит, асқазан ішек қан кетулері, қан құсу, қанды диарея, мелена, асқазанның ойық жаралануы немесе ішектің қан кетулері және/немесе тесілуімен (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде жастағы пациенттерде)
гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы
есекжем
енгізу орнындағы тітіркену, ісіну
Өте сирек (< 1/10000)
тромбоцитопения, анемия (оның ішінде гемолиздік және апластикалық анемия), лейкопения, агранулоцитоз
ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса)
бағдардан жаңылу, депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, ашушаңдық, психоздық реакциялар
парестезия, есте сақтаудың бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәм сезу бұзылыстары, цереброваскулярлық жағдай
көрудің бұзылуы (көрудің бұлыңғырлануы немесе қосарланып көріну)
құлақтағы шуыл немесе шыңылдау, естудің бұзылуы
артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, васкулит
пневмонит
колит (геморрагиялық колитті, Крон ауруының немесе ойық жаралы колиттің өршуін қоса), іш қатуы, стоматит (оның ішінде ойық жаралы стоматит), глоссит (тіл қабынуы), өңеш зақымдануы, ішектегі диафрагмаға ұқсас стриктуралар, панкреатит
фульминантты (шұғыл) гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі
буллезді бөртпе, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативті дерматит, шаш түсуі, фотосенсибилизация реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну
интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек бүртікшелерінің некрозы, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, протеинурия, гематурия
импотенция
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
сананың шатасуы, елестеулер, қабылдаудың бұзылуы, дімкәстік
көру жүйкесінің невриті
ишемиялық колит
Коунис синдромы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.