+25 бонус

ДИКЛОФЕНАК р-р для в/м введ. 25 мг/мл 3 мл №10 амп

510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді зат – натрий диклофенагы - 75 мг; қосымша заттар: пропиленгликоль, маннит (маннитол) Е421, бензил спирті, натрий метабисульфиті Е223, натрий гидроксиді ерітіндісі 1 М, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Диклофенак «қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)» тобына жататын ауыруды басатын препарат болып табылады. Мыналарды емдеу үшін қолданылады: - ревматизмнің қабынған немесе дегенеративті түрлерінің өршуі: ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, остеоартроз, спондилоартроз, ауыртатын вертебралды синдромдар, буыннан тыс ревматизм; - подаграның жедел ұстамалары; - бүйрек және бауыр шаншулары; - жарақат пен операциядан кейінгі қабыну, ауырсыну және ісіну; - бас сақинасының ауыр ұстамалары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП препараттарын қабылдау бронх демікпесі ұстамасына, ангионевроздық ісінуге, есекжемге немесе жедел ринитке түрткі болады; - асқазанның немесе ішектің белсенді ойық жарасы, қан кету немесе тесілу; - ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит); - бауыр жеткіліксіздігі; - бүйрек жеткіліксіздігі; - анықталған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар; - операциядан кейінгі қан кетудің, антикоагуляцияның, толық емес гемостаздың, гемопоэздің бұзылуының немесе цереброваскулярлық қан кетудің даму қаупі жоғары пациенттер; - аортокоронарлық шунттаудан кейін операциядан кейінгі ауырсыну (немесе жасанды қан айналу аппаратын пайдаланумен); - жүктіліктің III триместрі; Диклофенак препараты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Дозасы
Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына толық сәйкес қолданыңыз. Сіздің дәрігеріңіз препараттың қажетті дозасын, енгізу жиілігін және емдеу ұзақтығын анықтайды. Егер қандай да бір күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Симптомдарды жою үшін препаратты ең төмен тиімді дозада және мүмкін болатын ең қысқа емдеу кезеңінде қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.