ДИКЛОФЕНАК НАТРИЯ 1% 30 г мазь Борисовский

240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Борисовский завод медицинских препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сықпаның (30 г жақпамай) құрамында: белсенді зат – натрий диклофенагы 0,3 г; қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол (1500 типі), макрогол (400 типі).
Қолданылуы
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 14 жастан асқан балалардағы ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: - сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануы (соғылу, созылу, шығып кетулер), арқаның ауыруы; - ревматизмнің оқшауланған түрлері: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартриттер; - шеткері буындардың остеоартрозы (мысалы, тізе немесе саусақтар).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, ацетилсалицил қышқылына, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; – «аспирин» демікпесі; – жүктілік (III триместр) және лактация кезеңі; – 14 жасқа дейінгі балалар; – тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы.
Дозасы
2-4 г жақпамайдан (ол көлемі бойынша шие немесе грек жаңғағы өлшеміне сәйкес және  400-800 см2 дене беткейін өңдеуге жеткілікті) жұқа қабатпен қабыну ошағының бетіне аздап ысқылай отырып жағады.  Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдану керек.  Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Натрий диклофенагы препаратын тәулігіне 2-3 рет жағу керек. Егер ол емдеу аумағы болмаса (саусақтардың артрозы кезінде) препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 8 г. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және байқалған  әсеріне (әсерін күшейту үшін жақпамайды диклофенактың басқа дәрілік түрлерімен бірге қолдануға болады) байланысты. Дәрілік препаратпен емдеу тиімсіз болған кезде (оны 2 апта пайдаланғаннан кейін), сондай-ақ жағымсыз реакциялар байқалған немесе үдеген кезде дәрігермен кеңесу қажет. 14 жас және одан асқан балаларда ауыруды жеңілдету үшін бұл препаратты 7 күннен артық қолдану қажет болса немесе пациентте симптомдар нашарласа, жасөспірімдер ата-аналарына дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.