+41 бонус

ДИКЛОФЕНАК 100 мг №10 супп рект.

825 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА МОЛДОВА
  • Өндіруші: ООО ФАРМАПРИМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат - 50 мг немесе 100 мг натрий диклофенагы қосымша заттар: цетил спирті, қатты май
Қолданылуы
ревматизмдік аурулардың қабыну және дегенеративтік түрлері: ревматоидты артрит, ювенильді ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы), остеоартроздар, оның ішінде спондилоартроздар омыртқа аурулары кезіндегі ауыру синдромы буыннан тыс ревматизм қабынумен және ісінумен қатар жүретін, жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауыру синдромы, мысалы, стоматологияда және ортодонтияда, ортопедияда гинекологиядағы ауырсыну немесе қабыну жай-күйлері (мысалы, бастапқы дисменорея, аднексит) бас сақинасы ұстамалары жедел подагра ұстамасы ауыру синдромымен жүретін құлақтың, тамақтың және мұрынның жедел инфекциялық-қабыну ауруларында қосымша дәрі ретінде (мысалы, фарингит, тонзиллит, отит) Жалпы емдік ұстанымдарға сүйене отырып, негізгі ауруды базистік ем препараттарымен емдеу керек. Қызба өз алдына препаратты қолдану үшін көрсетілім болып табылмайды.
Қарсы көрсетілімдер
натрий диклофенагына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, есекжем, жедел ринит, мұрындағы полиптер немесе анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаудан кейінгі аллергиялық симптомдар жүктіліктің III триместрі асқазанның және он екі елі ішектің өршу фазасындағы ойық жара ауруы, асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы) (бауыр циррозы және асцит) бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2) жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класы) аортокоронарлық шунттаудан кейін (немесе жасанды қанайналым аппаратын қолданудан кейін) операциядан кейінгі ауыруды емдеу проктит 14 жасқа дейінгі балалар 50 мг дозадағы суппозиторийлер үшін 18 жасқа дейінгі балалар 100 мг дозадағы суппозиторийлер үшін.
Дозасы
Препараттың дозасы және емдеу курсының ұзақтығы әр пациент үшін жеке таңдалады. Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төмен тиімді дозаны тағайындау арқылы барынша азайтуға болады. Ересектер Ұсынылған бастапқы тәуліктік доза тәулігіне 100-150 мг құрайды, 2-3 қабылдауға бөлінген. Жеңіл жағдайларда, сондай-ақ ұзақ ем кезінде әдетте тәулігіне 75-100 мг жеткілікті. Түнгі ауырудың және таңертеңгі сіресудің алдын алу үшін препаратты ұйықтар алдында, препаратты күндізгі қабылдауға қосымша ретінде қолданады, ішекте еритін қабықпен қапталған пероральді таблеткалармен үйлестіруге болады (ең жоғары тәуліктік 150 мг дозадан асырмай). Бастапқы дисменореяда жеке таңдап алынатын тәуліктік доза 50-150 мг құрайды. Бастапқы доза 50-100 мг құрайды және қажет болған жағдайда бірнеше етеккір циклдары барысында оны ең жоғары тәуліктік 150 мг дозаға дейін арттыруға болады. Бас сақинасы ұстамаларын емдеген кезде 100 мг Диклофенакты дами бастаған ұстаманың алғашқы белгілері пайда болған кезде мүмкіндігінше тезірек қолдану керек. Қажет болса дәл сол күні суппозиторийді 50 мг дозада қосымша қолдануға болады. Егер емдеуді келесі күндері жалғастыру қажет болса, бірнеше қабылдауға бөлінген ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауға тиіс. 14-тен 18 жасқа дейінгі балалар Препаратты 50 мг дозада дене салмағына тәулігіне 0,5-2 мг/кг есебінен (2-3 қабылдауға, аурудың ауырлығына байланысты) қолданады. Ювенильді ревматоидты артритті емдеу үшін тәуліктік доза ең көп дегенде 3 мг/кг дейін (бірнеше рет енгізу) арттырылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауға тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ректальді. Суппозиторийді тік ішекке терең енгізу қажет. Препаратты ішек босатылғаннан кейін қолдану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.