ДИКЛОФЕНАК 0,1% 5 мл гл кап

1480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында: белсендi зат - 0.10 г натрий диклофенагы, қосымша заттар: макроголглицерол рицинолеат (Коллифор®EL), трометамол, динатрий эдетаты дигидраты, маннитол, бензалконий хлориді, 1 М хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
- катарактаға қатысты операция кезінде миоздың тежелуі; - катаракта мен көздің алдыңғы бөлігіне хирургиялық араласумен байланысты қабыну үдерістерінің профилактикасы; - операциядан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде фоторефрактивті кератэктомиямен байланысты ауыратын көздің көріністерін емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - натрий диклофенагы немесе аспирин немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) сияқты белсенділігі ұқсас заттардан туындаған анамнезінде аллергия, есекжем, жедел ринит немесе демікпе бар («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз); - 6 айдан бастап жүктілік кезеңі (аменореяның 24 аптасынан кейін) («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Дозасы
Катарактаға қатысты операция кезінде миоздың тежелуі: операция алдында - операциядан 3 сағат бұрын, 1 тамшыдан 5 ретке дейін. Катаракта мен көздің алдыңғы бөлігіне қатысты хирургиялық араласумен байланысты қабыну үдерістерінің профилактикасы: операция алдында - операциядан 3 сағат бұрын , 1 тамшыдан 5 ретке дейін; операциядан кейін - операциядан кейін бірден 1 тамшыдан 3 рет, содан кейін тәулігіне 3-тен 5 ретке дейін 1 тамшыдан. Емдеу ұзақтығы 4 аптадан артық ұсынылмайды. Операциядан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде фоторефрактивті кератэктомиямен байланысты ауыратын көздің көріністерін емдеу: операция алдында - операциядан бір сағат бұрын 2 тамшы; операциядан кейін - операциядан кейін бір сағат ішінде 2 тамшы, содан кейін операциядан кейін 24 сағат ішінде 4 тамшы. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті, офтальмологиялық қолдану үшін. Басқа көзге тамызатын дәрімен бір мезгілде қолданған жағдайда, әсер етуші заттардың сұйылтылуын болдырмау үшін инстилляцияны 15 минут аралықпен жүргізу керек. Көзге арналған жақпамайларды соңғы кезекте қолдану керек. Қолдану жөніндегі нұсқаулық: 1-сурет       2-сурет            3-сурет 1. Қолыңызды жуыңыз және отырып немесе тұрып, ыңғайлы қалыпта болыңыз. 2. Құтының қақпағын бұрап алыңыз, оны таза беткейге қойыңыз. Қақпақты тастамаңыз. 3. 1-суретте көрсетілгендей зақымданған көздің төменгі қабағын саусақтарыңызбен ақырын төмен қарай тартыңыз. 4. Құтының ұштығын көзге тигізбестен жақын ұстаңыз. 5. 2-суретте көрсетілгендей көзге бір тамшысын сығу үшін құтыны ақырын қысыңыз. 6. Төменгі қабақты жіберіңіз және көзіңізді ақырын жабыңыз. 7. Қабақтарыңызды жауып, көздің ішкі бұрышының аймағын 3-суретте көрсетілгендей 2 минут бойы (мұрын-көз жасының окклюзиясы) аздап басыңыз. Бұл диклофенактың жүйелік қан ағымына енуін азайтуға көмектеседі бұл препараттың едәуір тиімді жергілікті әсеріне ықпал етеді және жүйелік жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын азайтады. 8. Егер дәрігер Сізге ұсынса, емшараны екінші көзіңізге қайталаңыз. 9. Құтыны пайдаланғаннан кейін бірден жабыңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.