+60 бонус

ДИКЛОФАРМ 5% 50 г гель

1200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ДАНСОН-БГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гель құрамында белсенді зат- натрий диклофенагы 5.0 г, қосымша заттар: карбомер, изопропил спирті, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Қолданылуы
ДП ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген. Ауырсынуды, қабынуды және ісінуді сыртқа емдеуге арналған: - сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың зақымдануларында, мысалы, соғылулар, шығып кетулер, созылулар, спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған арқадағы созылулардан және ауырсынудан; - тендинит («теннисшіның шынтақ»), иық-қол синдромы, бурсит, периартропатия сияқты жұмсақ тіндердің ревматизмнің оқшауланған түрлерінде; - саусақ немесе тізе буындары сияқты теріге жақын орналасқан шағын және орташа буындардың остеоартритін симптоматикалық емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероид емес дәрілік затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылы немесе ибупрофен сияқты басқа стероид емес қабынуға қарсы препараттар демікпе ұстамаларын, ангионевроздық ісінуді, есекжемді немесе жедел ринитті тудыратын пациенттерде - ашық жаралар, терінің және шырышты қабықтың қабынуы немесе инфекциясы кезінде - жүктіліктің үшінші триместрі - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты теріге аздап ысқылай отырып, қабыну ошағының/жарақаттанған жердің үстіндегі терісіне тәулігіне 2-3 жұқа қабатпен жағады. Енгізу әдісі және жолы Гель сыртқа қолданылады. Диклофарм 5% гель ионофорезді жүргізу кезінде қолдануға жарамды. Электротерапияның бұл түрі тері арқылы енуді күшейтеді. Препарат теріс полюсте (катодта) жағылуы тиіс. Препаратты жаққаннан кейін, емдеу объектісі болған жағдайларды қоспағанда, қолды жуу керек. Емдеу ұзақтығы Дәріні нақты жағдайға байланысты 3-тен 7 күнге дейін қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.