+36 бонус

ДИКЛОФАРМ 1% гель д/наруж. прим. 50 г

720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ДАНСОН-БГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гель құрамында белсенді зат- натрий диклофенагы 1.0 г, қосымша заттар: карбомер, 96 % этил спирті, изопропил спирті, троламин, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Қолданылуы
ДП ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген. Ауырсынуды, қабынуды және ісінуді сыртқа емдеуге арналған: - сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың зақымдануларында, мысалы, соғылулар, шығып кетулер, созылулар, спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған арқадағы созылулардан және ауырсынудан; - тендинит («теннисшіның шынтақ»), иық-қол синдромы, бурсит, периартропатия сияқты жұмсақ тіндердің ревматизмнің оқшауланған түрлерінде; - саусақ немесе тізе буындары сияқты теріге жақын орналасқан шағын және орташа буындардың остеоартритін симптоматикалық емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероид емес дәрілік затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылы немесе ибупрофен сияқты басқа стероид емес қабынуға қарсы препараттар демікпе ұстамаларын, ангионевроздық ісінуді, есекжемді немесе жедел ринитті тудыратын пациенттерде - ашық жаралар, терінің және шырышты қабықтың қабынуы немесе инфекциясы кезінде - жүктіліктің үшінші триместрі - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар препаратты тәулігіне 3-4 рет қабыну ошағының/жарақаттанған жердің үстіндегі терісіне,теріге аздап ысқылай отырып, жұқа қабатпен жағады. Препараттың қажетті мөлшері ауыру аймағының мөлшеріне байланысты. Препараттың бір реттік дозасы - 2-4 г (көлемі бойынша сәйкесінше шие немесе жаңғақ мөлшерімен салыстыруға болады) ауданы 400-800 см2 аймақты өңдеуге жеткілікті. Егер қол ауыру орналасқа аймақ болып табылмаса, онда препаратты қолданғаннан кейін оларды жуу керек. Енгізу әдісі және жолы Гель сыртқа қолданылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдерге және байқалатын әсерге байланысты. Препаратты дәрігердің ұсынысынсыз 14 күннен артық қолданбаған жөн. Егер 7 күннен кейін емдік әсер байқалмаса немесе жағдай нашарласа, дәрігерге жүгіну керек. Диклофарм препаратын ең тиімді дозаларда ең қысқа курста қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.