+74 бонус

ДИКЛОБЕРЛ РЕТАРД 100 мг №20 капс

1480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – натрий диклофенагы, 100 мг қосымша заттар: сахароза, жүгері крахмалы, тальк, шеллак, Эудрагит RL PO 1, натрий гидроксиді 2, желатин, титанның қостотығы (Е 171) 1- аммоний метакрилаты сополимері, А типі 2 – натрий гидроксиді 7,0 – 7,2 мәндерге дейін құрамында шеллак бар суспензиялардағы рН түзету үшін пайдаланылады
Қолданылуы
Төмендегілер туындатқан ауыру және қабыну кезінде симптоматикалық емдеу: - жедел артрит (подагра ұстамаларын қоса) - созылмалы артрит, атап айтқанда, ревматоидты артрит (созылмалы полиартрит) кезінде - шорбуындаған спондилит (Бехтерев ауруы) және омыртқаның шығу тегі ревматизмдік басқа да қабыну аурулары - буындар мен омыртқаның дегенеративтік аурулары кезіндегі ашушаңдық құбылыстары (артроз және спондилоартроз) артроз және спондилоартроз кезінде тіндердің ауырсынулық сезімталдығы - жұмсақ тіндердің зақымдануымен шығу тегі ревматизмдік қабыну аурулары - жарақаттан кейінгі қабыну процесі және ісіну Әсер етуші заттың Диклоберл® ретард капсулаларынан баяу босап шығуына байланысты бұл препарат жылдам әсер етуді талап ететін ауруларды бастапқы емдеу үшін жарамайды.
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданғаннан кейін аллергиялық реакциялардың (бронх түйілуі, демікпе, ринит немесе есекжем) болуы - жедел пептидтік жара, сондай-ақ ойық жараның қайталануы немесе анамнездегі асқазан-ішектен қан кету (асқазан-ішек ойықжарасының немесе қан кетудің екі немесе одан да көп эпизодтары) - анамнезінде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан-ішек ойықжарасының тесілуі немесе қан кетудің болуы - қан кетумен немесе тесілумен өршу сатысындағы асқазанның немесе ішектің ойықжарасының болуы - цереброваскулярлық немесе басқа да жедел қан кетулер - ауыр дәрежедегі бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы - диагностикаланған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV класы), жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулар - қан түзу жүйесінің аурулары - жүктіліктің үшінші триместрі (Жүктілік немесе лактация кезінде қолданылуын қараңыз); - коронарлық шунттау операциясынан (немесе жасанды қан айналымы аппаратын қолданудан) кейін операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу - белсенді заттың жоғары мөлшеріне байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Диклоберл® ретард препаратының жағымсыз әсерлері препараттың ең аз тиімді дозасын аурудың симптомдарын тоқтатуға қажетті қысқа уақыт аралығында тағайындау арқылы төмендетуге болады. Диклофенактың дозасы аурудың ауырлығына байланысты белгіленеді. Ересектерге ұсынылатын доза диапазоны тәулігіне 50-ден 150 мг-ға дейін диклофенак-натрий. Ересектерде ұсынылатын доза тәулігіне 1 Диклоберл® ретард босап шығуы ұзаққа созылатын капсуласын құрайды (бұл 100 мг натрий диклофенагына тең). Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны арнайы түзету қажет емес. Егде пациенттер жағдайында ықтимал жағымсыз әсерлерге байланысты олардың жағдайын мұқият бақылау қажет. Бүйрек және бауыр функциясының төмендеуі: Бүйрек және бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі төмендеуі кезінде дозасын азайту қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.