+106 бонус

ДИКЛО-Ф 0,1% 5 мл гл кап

2125 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Sentiss Pharma Private Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат- 1.0 мг натрий диклофенагы, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, бор қышқылы, трометамин, полиоксил 35 майсана майы, повидон (PVP K 30), натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су
Қолданылуы
ДП ересектерде мыналарға қолданылады: катарактаны алып тастағаннан кейін немесе басқа офтальмологиялық операциядан соң операциядан кейінгі қабыну үдерісінің профилактикасында - мөлдір қабықтың зақымдануында ауыруды басуға - катарактаны алып тастау операциясына байланысты кисталық макулярлық ісінудің және миоздың профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезде аллергиялық реакцияның болуы (ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдағандағы демікпе, есекжем немесе жедел ринит) - ҚҚСП-ға бұрын болған аса жоғары сезімталдық реакциялары, өйткені ацетилсалицил қышқылымен және басқа ҚҚСП айқаспалы аллергия қаупі бар.
Дозасы
Ересектер: 1 тамшыдан тәулігіне 3-5 рет. Катарактаны алып тастау операциясына байланысты кисталық макулярлық ісінудің және миоздың профилактикасы Ересектер: операцияға дейін соңғы 3 сағат ішінде 1 тамшыдан 5 рет. Содан соң 1 тамшыдан тәулігіне 3-5 рет. Балалар Балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану көрсетілмеген. Балаларда қолданудың клиникалық деректері жоқ. Клиникалық тәжірибе көздің қылилығындағы офтальмологиялық операциялардың жарияланған бірнеше клиникалық сынақтарымен шектелген. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Көзге тамызатын дәріні тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы өзегін жабу немесе көзді 5 минутқа жұму жүйелі сіңірілуін төмендетуі және жүйелі қолайсыз әсерлердің азаюына әкелуі мүмкін. Құтының ішіндегісі ашылғанға дейін стерильді. Пациенттерге контейнердің ұшын көзге немесе басқа да бірдеңеге тигізбеуге тырысу жөнінде нұсқау беру керек, өйткені бұл ерітіндінің бактериялық ластануына әкелуі мүмкін. Офтальмологиялық препараттың біреуден көбін пайдаланған кезде әрбір препарат арасындағы уақыт аралығы кемінде 5 минутты құрауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.