+78 бонус

ДИГОКСИН 250 мг №50 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дигоксин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат –0,25 мг дигоксин, қосымша заттар: сахароза, картоп крахмалы, глюкоза моногидраты, тальк, кальций стеараты, вазелин майы.
Қолданылуы
- жүрек жеткіліксіздігінде - суправентрикулярлық ырғақ бұзылуларында (мысалы, жүрекшелердің жыпылықтауы)
Қарсы көрсетілімдер
Нақты: - гликозидтік уыттану - дигоксинге немесе басқа да жүрек гликозидтеріне, сондай-ақ ДИГОКСИН ГРИНДЕКС препаратының кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық - дигитальді уыттанудан туындаған жүрек ырғағының бұзылуы - қарыншалардың фибрилляциясы - гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия (жүректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайын және басқа бақыланбайтын қарыншалардың жиілігі бар жүрекшелердің жыпылықтауын қоспағанда) - Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы (әсіресе жүрекшелердің қатарлас фибрилляциясы) - мезгіл сайын толық атриовентрикулярлық блокада немесе II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада - шок - қарыншалық тахикардия - лактация - 18 жасқа дейінгі және одан асқан балалар мен жасөспірімдерге Салыстырмалы: - айқын брадикардия - I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада - оқшауланған митральді стеноз - гипертрофиялық субаортальді стеноз - жедел миокард инфарктісі - тұрақсыз стенокардия - жүрек тампонадасы - экстрасистолия
Дозасы
Қолдану тәсілі мен дозалары Ішке қабылдауға арналған. Дозасын сақтықпен, әр пациент үшін жекелей белгілейді. Емдеу үдерісінде екі кезеңді бөліп қаралады: бастапқы дигитализация кезеңі (қанығу) және демеуші ем кезеңі. Бастапқы дигитализация кезеңінде ағзаның оңтайлы емдік әсеріне жеткенше біртіндеп жүрек гликозидіне қанығуы жүреді. Жекелей қанықтырғыш дозасы (ЖҚД) белгілі бір науқастың қалыпты дигитализациясына алып келеді және орташа алынған толық дозасынан (ОТД) 50 %-дан 200 %-ға дейін ауытқып тұрады, ол науқастардың көпшілігінде толық емдік әсерін тудырады. Жылдамдығы орташа дигитализация кезінде ішке тәулігіне 4 рет 0,25 мг немесе 0,5 мг тәулігіне 2 рет тағайындайды. Дигитализациясына орташа алғанда 2-3 тәуліктен кейін жетеді, содан кейін пациентті демеуші дозасына көшіреді, ол әдетте тәулігіне 0,25-0,5 мг құрайды. Егер пациентке мұндай жылдам дигитализация қажет болмаса, тәулігіне  1-2 рет 0,25 мг қабылдауға болады. Қан плазмасындағы тұрақты концентрациясына әдетте 7 күн ішінде жетеді. Әдеттегі демеуші дозасы – тәулігіне 0,125-0,25 мг. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге препараттың азғантай дозаларын, емдеуді баяу дигитализациясынан бастап қолдану керек. Егде жастағы пациенттерде қан сарысуындағы дигоксин құрамын бақылау және гипокалиемияны болдырмау керек. Бүйрек жеткіліксіздігінде препараттың дозасын гломерулярлық сүзілу жылдамдығына (GFR) сәйкес азайту керек. Гломерулярлық сүзілу жылдамдығы (GFR) Доза 20-50 мл/мин тәулігіне 0,25 мг 1020 мл/мин тәулігіне 0,125-0,25 мг <10 мл/мин тәулігіне 0,125 мг дейін Егер препараттың кезекті дозасы жіберіліп алса, оны мүмкіндік туған бойда бірден қабылдау қажет. Препаратты қатаң түрде дәрігердің нұсқауымен қолдану керек. Дозасын өздігінен өзгертуге болмайды. ДИГОКСИН ГРИНДЕКС 0,25 мг таблеткаларында бөлу сызығы жоқтығына байланысты 0,25 мг-ден төмен дозаны қолдану қажет болғанда басқа дәрілік түрлерді немесе құрамында дигоксин бар басқа таблеткаларды қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.