Дозасы
Препараттың дозасын дәрігер жеке белгілейді.
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларда тез дигитализация үшін 0,5-1 мг (2-4 таблетка), содан соң ─ әрбір 6 сағатта 0,25-0,75 мг-ден 2-3 тәулік бойы қолдану керек. Емдік әсеріне қол жеткізгеннен кейін демеуші дозаларда тәулігіне 1-2 рет 0,125*-0,5 мг қабылдау керек.
Баяу дигитализация үшін емдеуді тәулігіне 1-2 рет қабылдаумен 0,125*-0,5 мг демеуші дозада дереу бастау керек. Қанығу ем басталғаннан кейін шамамен 1 аптадан соң басталады. Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік доза 1,5 мг (6 таблетка) құрайды.
Тәуліктік ең жоғары қанығу дозасы – 0,75-1,5 мг, тәуліктік ең жоғары демеуші доза – 0,125*-0,5 мг.
*Дигоксинді 0,125 мг дозада қолдану қажет болғанда препаратты мүмкіндігінше осындай дозада қолдану керек.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерге негізгі шығарылу жолы бүйрек арқылы болғандықтан дигоксин дозасын азайту керек.
Егде жастағы пациенттер үшін, бүйректің жасқа байланысты функциясы төмендеуін және бұлшықет массасының азаюын ескере отырып, уыттылық реакциялары және артық дозалануы дамуын болдырмау үшін дозаны өте мұқият таңдау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен іше отырып, жұту керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тамақ ішу арасында қолдану ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке белгілейді.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалануы бірнеше сағат бойына біртіндеп дамиды.
Симптомдары: жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан- аритмиялар, соның ішінде брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалық тахикардиялар немесе экстрасистолия, қарыншалардың фибрилляциясы;
ас қорыту жолы тарапынан - анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея;
орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелері тарапынан - бас ауыруы, қатты қажу, бас айналуы, сирек – түстерді ажыратудың бұзылуы, көру жітілігінің төмендеуі, скотома, макро- және микропсия, өте сирек – сананың шатасуы, синкопе жағдайлары.
Қарыншалық аритмиялар немесе асистолиясы бар жүрек блокадасы дамығанда өліммен аяқталу қаупі болуына байланысты ырғақ бұзылу негізгі симптомы болып табылады.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді, колестиполды немесе колестираминді қабылдау. Аритмия туындағанда вена ішіне тамшылатып 500 мл 5 % глюкоза ерітіндісіндегі 2-2,4 г калий хлоридін 10 ӘБ инсулинмен бірге енгізеді (енгізуді қан сарысуындағы калий концентрациясы 4-5,5 ммоль/л шегінде болған кезде тоқтатады). Құрамында калий бар дәрілер жүрекше-қарыншалық өткізгіштігінің бұзылуы кезінде қарсы көрсетілімді. Айқын брадикардия кезінде атропин сульфатының ерітіндісін тағайындайды. Оксигенотерапия көрсетілген. Уытсыздандыратын дәрі ретінде унитиол, этилендиаминтетраацетатты да тағайындайды. Емі- симптоматикалық.
Жүректің толық блокадасы жоқ болған жағдайда гипокалиемия дамыған кезде калий препараттарын енгізу керек. Жүректің толық блокадасында электрокардиостимуляция жүргізіледі. Аритмиялар кезінде лидокаинді, прокаинамидті, фенитоинді, пропранололды қолданады.
Өмірге қауіп төндіретін дигоксиннің артық дозалануында, жарғақшалық сүзгі арқылы дигоксинді байланыстыратын қой антиденелерінің фрагменттерін енгізу көрсетілген (Digoxin immune Fab, BM Digitalis-Antidote); 40 мг антидоты 0,6 мг жуық дигоксинді байланыстырады.
Дигоксинмен артық дозалануда диализ және қан ауыстырып құюдың тиімділігі аз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп жіберу кезінде қажетті шаралар
Егер сіз препараттың дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, осы дозаны толығымен өткізіп жіберіп, әдеттегі уақытта келесі дозаны қабылдаңыз. Қабылданбаған дозаны толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Дигоксиннің жағымсыз реакциялары дозаға тәуелді болып табылады және әдетте емдік әсерге қол жеткізу үшін қажетті дозалардан асатын дозаларда дамиды. Препараттың дозаларын пациенттің клиникалық жағдайына байланысты мұқият таңдап, түзету керек.
Жиі (≥1/100-ден 1/10-ға дейін)
- бас айналу, ұйқышылдық
- көрудің анық болмауы, көз қарығуы, ореол әсері, көрудің бұзылуы (айналадағы заттарды сары, сирек – жасыл, қызыл, көк, қоңыр немесе ақ түсте көру)
- ырғақтың және өткізгіштіктің бұзылуы (синустық брадикардия, синоатриалдық блокада, монофокальді немесе мультифокальді экстрасистолия (әсіресе бигеминия, тригеминия), PR аралығының ұзаруы. Бұл бұзылулар дигоксиннің шамадан тыс дозаларының ерте белгілері болуы мүмкін
- жүрек айнуы, құсу, абдоминальді ауыруы, диарея, әсіресе егде жастағы пациенттерде
- бөртпе, оның ішінде эритематозды, папулезді, макулопапулезді, везикулезді, айқын эозинофилиямен қатар жүруі мүмкін
Жиі емес (( 1/1000-нан ( 1/100-ге дейін)
- депрессия
Сирек (( 1/10000-нан ( 1/1000-ға дейін)
- қышынуды, гиперемияны, есекжемді, Квинке ісінуін қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциялары
Өте сирек (>1/10 000)
- тромбоцитопения, агранулоцитоз
- тәбеттің төмендеуі, анорексия
- психоздық бұзылыстар (бағдардан адасу, амнезия, қорқынышты түс көру, мазасыздық, күйгелектік, қозу, жедел психоз, сандырақтау, елестеулер және құлаққа естілетін дыбыстар, әсіресе егде жастағы пациенттерде болуы мүмкін), сананың шатасуы, апатия
- бас ауыруы, невралгия, құрысулар жағдайлары туралы хабарланды
- қатты шаршау, дімкәстік сезімі, астения (әлсіздік)
- суправентрикулярлық тахиаритмия, пароксизмальді атриальді тахикардия (блокадамен немесе онсыз), суправентрикулярлық тахикардия (түйіндік аритмия), қарыншалық фибрилляция, қарыншалық аритмиялар, қарыншалық экстрасистолиялар, ST сегментінің депрессиясы, AV-блокада, жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы немесе күшеюі
- висцеральді қанайналымның бұзылуы, ишемия және ішек некрозы туралы хабарланды
- дигоксин эстрогендік белсенділікке ие, сондықтан ұзақ уақыт қолдануда еркектерде гинекомастия болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.