+557 бонус

ДИФЛЮКАН 50  мг №7 капс

11150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Фарева Амбуаз
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат -  50,000 мг және 150,000 мг флуконазол, қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы. Капсула қабығының құрамы: Капсуланың қақпағы /корпусы (көгілдір): титанның қостотығы (E171), патенттелген көк V (E131), желатин. Капсуланың корпусы (ақ): титанның қостотығы  (E171), желатин. Сияның құрамы: шеллак, темірдің қара тотығы (Е172), пропиленгликоль, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, калий гидроксиді.
Қолданылуы
Дифлюкан® келесі зеңдік инфекцияларда қолданылады. Дифлюкан® ересектердегі келесі ауруларды емдеуге қолданылады: - криптококтық менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтардың кандидозы, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия мен тері- шырышты қабықтың созылмалы кандидозы - ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда - қынап кандидозы, жедел немесе қайталанған (жергілікті ем қолданылмайтын) - кандидоздық баланит (жергілікті ем қолданылмайтын) - дерматомикоздар, соның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі мен терінің кандидоздық инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілсе) - тырнақтардың дерматофитиясында (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу қолайлы болмаса) Дифлюкан® ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін қолданылады: - қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларында - АИТВ инфекциясы бар, қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі орофарингеальді кандидоз бен өңеш кандидозының қайталануларында -  қынаптық кандидоздың қайталануларының жиілігін (жылына 4 немесе одан көп көрінісінің болуы) азайту үшін -  ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі (мысалы, гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар, химиялық ем қабылдап жүрген пациенттер, немесе, гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жүргізіліп жатқан пациенттер) кандидоздық инфекциялардың профилактикасы. Ем өсірінділік зерттеу және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін басталуы мүмкін, бірақ осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы ем тиісті түрде түзетілуі керек. Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, тектес азолдық қосылыстарға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - Дифлюкан® препаратын тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада бірнеше рет қолдану кезінде бір мезгілде терфенадинді қабылдау, препаратты бірнеше рет қолдану кезіндегі дәрілер арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелеріне сәйкес - QT аралығын ұзартатын және Р - 450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін  цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау - Дифлюкан® капсулаларының құрамында лактоза бар болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және  галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер   - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (капсула қабығының құрамында балаларға қолдануға тыйым салынған бояғыш бар)
Дозасы
Дозасын таңдау зең инфекциясының типі мен ауырлығына байланысты жүзеге асырылады. Бірнеше реттік дозаларын қолдануды қажет ететін инфекциялардың түрлерін емдеуді, клиникалық көрсеткіштері немесе зертханалық көрсеткіштері, белсенді зең инфекциясының толық емделгенін көрсеткенше жалғастыру керек.      Емдеу курсының жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін. Ересектерде қолдану Криптококкоз: Криптококтық менингитті емдеу: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 400 мг, келесі дозасы – 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне бір рет 200 - 400 мг құрайды.  Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеген жағдайда тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыруға болады. Қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне бір рет 200 мг. Кокцидиоидомикоз: пациенттің жағдайына байланысты 11 - 24 ай немесе одан да ұзағырақ уақыт бойы тәулігіне бір рет 200 - 400 мг. Кейбір, әсіресе ми қабықтарының зақымдануымен жүретін инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг доза қарастырылуы мүмкін.  Инвазиялық кандидоз: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 800 мг, келесі дозасы – тәулігіне бір рет 400 мг құрайды.  Кандидемияны емдеу ұзақтығына байланысты жалпы ұсыным - пациент қанында кандидемияның бар екендігіне алғашқы теріс нәтиже алынғаннан және кандидемия белгілері мен симптомдары  толық жойылғаннан кейін 2 апта.  Шырышты қабықтың кандидозын емдеу: Орофарингеальді кандидоз: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 200 - 400 мг, келесі дозасы - 7 – 21 күн бойы тәулігіне бір рет 100 - 200 мг (орофарингеальді кандидоздың ремиссиясына жеткенше) құрайды.  Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. Өңеш кандидозы: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 200 – 400 мг, келесі дозасы  - 14 - 30 күн бойы тәулігіне бір рет 100 - 200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенше) құрайды.  Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне бір рет 200 - 400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг. Тері - шырышты қабықтың созылмалы кандидозы: 28 күнге дейін тәулігіне бір рет 50-100 мг.  Инфекцияның ауырлық дәрежесіне немесе иммундық функция бұзылуы мен инфекцияның қатарлас болуына байланысты ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады. Қайталану қаупі жоғары, АИТВ инфекциясы бар пациенттерде шырышты қабық кандидозы қайталануларының профилактикасы  Орофарингеальді кандидоз: иммунитеті созылмалы төмендеген пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне  бір рет 100 - 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. Өңеш кандидозы: иммунитеті созылмалы төмендеген пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне бір рет 100 - 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.