+2345 бонус

ДИФЕРЕЛИН 3,75 мг №1 шприц

46910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Трипторелин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Ипсен Фарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - 4,2 мг трипторелин ацетаты, 3,75 мг трипторелинге баламалы қосымша заттар - DL-сүтті және гликол қышқылдарының сополимері, маннитол, полисорбат 80, натрий кармеллозасы еріткіш құрамы: маннитол, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- Қуық асты безінің обыры Жоғары қауіпті қуық асты безінің шоғырланған немесе жергілікті таралған обырын сәуле емімен біріктіріп емдеу. Қуық асты безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обырын емдеу. Егер пациент бұрын ешқандай басқа гормонмен ем алмаған болса, емдеудің жағымды әсері барынша айқын және жиірек байқалады. - Орталық мезгілінен бұрын жыныстық жетілу (8 жасқа дейінгі қыз балаларда және 10 жасқа дейінгі ер балаларда) - Генитальді және экстрагенитальді эндометриоз (I – IV сатылар) Емдеу 6 айдан артық жалғаспауы тиіс. Трипторелинмен немесе басқа ГнРГ аналогтарымен емдеудің екінші курсын жүргізу ұсынылмайды. - Әйел бедеулігі Экстракорпоральді ұрықтандыру және эмбрионды тасымалдау бағдарламаларында (I.V.F.E.T.) гонадотропиндермен (аМГ, ФСГ, АХГ) бірге аналық бездерді стимуляциялауды жүргізу. - Жатыр фибромиомасы (хирургиялық араласу алдында) анемия бар пациент әйелдерде (гемоглобин мөлшері ≤ 80 г/л); хирургиялық техниканы оңайлату немесе өзгерту үшін фибромиома көлемін азайту қажет болған жағдайларда: эндоскопиялық хирургия, қынап арқылы жасалатын хирургия. Емдеу ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. - Сүт безінің обыры Химиялық ем аяқталған соң менопауза алдындағы сатысы расталған қайталану қаупі жоғары әйелдерде ерте сатыдағы эндокринді-сезімтал сүт безі обырында тамоксифенмен немесе ароматаза тежегішімен біріктірілімде адъювантты емдеу ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- ГнРГ, оның аналогтарына немесе дәрілік препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Қуық асты безінің обыры Диферелин® 3,75 мг дозада әр 4 апта сайын бұлшықет ішіне ұзақ уақыт енгізіледі. Сәулемен ем алып жүрген, шоғырланған немесе жергілікті таралған жоғары қауіпті қуық асты безінің обыры бар пациенттерге арналған медициналық нұсқаулықтарда ұсынылған андрогенді депривацияны емдеу ұзақтығы 2-3 жылға созылады. ГнРГ агонистімен, мысалы, трипторелинмен ем алып жүрген, хирургиялық кастрация жасалмаған, кастрацияға төзімді қуық асты безінің метастаздық обыры бар және андрогендер биосинтезінің тежегіші - абиратерон ацетатымен немесе андрогендер рецепторларының дабыл жолының тежегіші - энзалутамидпен емдеуге сай келетін пациенттер үшін емдеуді ГнРГ агонистімен қадағалау қажет. Сүт безі обыры Диферелин® 3,75 мг дозада әр 4 апта сайын тамоксифенмен немесе ароматаза тежегішімен біріктірілімде енгізіледі. Трипторелинді химиялық ем аяқталған соң, менопауза алдындағы статус расталуынан кейін бастау керек. Трипторелинмен ем ароматаза тежегішін қабылдаудың басталуына дейін, кем дегенде, 6-8 апта бұрын басталуы тиіс. Ароматаза тежегіштерімен емдеуді бастар алдында трипторелиннің, кем дегенде, екі инъекциясын (инъекциялар арасындағы 4 апта үзіліспен) жасау керек. Менопауза алдындағы пациент әйелдерде айналымдағы эстрогендер концентрациясының рикошетті жоғарылауынан сақтану үшін ароматаза тежегіштерімен ем кезінде трипторелинді енгізу үзілмеуі тиіс. Басқа гормондық препараттармен біріктірілімде адьювантты ем үшін ұсынылатын емдеу курсы – 5 жылға дейін. Диферелин® 3,75 мг — бұл ұсақ бөлшектерден құралған суспензия, сондықтан препаратты вена ішіне енгізіп қоймау қатаң қадағалану керек. Ескертпе: Босап шығуы ұзаққа созылатын түрдегі препаратпен емдеуді қатаң түрде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізу қажет. Инъекцияға арналған құрылғыда әдетте қалып қоятын көлемнен асып кететін суспензия көлемін жоғалтуға әкелетін кез келген толық емес инъекция туралы мәлімдеу қажет. Орталық мезгілінен бұрын жыныстық жетілу (8 жасқа дейінгі қыз балаларда және 10 жасқа дейінгі ер балаларда) Балаларды трипторелинмен емдеу орталық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді емдеу тәжірибесі бар балалар эндокринологы әлде педиатр немесе эндокринологтың жалпы қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Дене салмағы 20 кг-ден аз балаларға: әр 4 апта (28 күн) сайын бұлшықет ішіне дозаның жартысын (1/2), яғни қалпына келтірілген суспензия көлемінің жартысын енгізу. Дене салмағы 20-дан 30 кг дейінгі балаларға: әр 4 апта (28 күн) сайын бұлшықет ішіне дозаның үштен екі бөлігін (2/3), яғни қалпына келтірілген суспензия көлемінің үштен екі бөлігін енгізу. Дене салмағы 30 кг-ден артық балаларға: әр 4 апта сайын (28 күн) бұлшықет ішіне бір доза, яғни қалпына келтірілген суспензияның бүкіл көлемін енгізу. Қыз балалар мен ер балалардағы ем физиологиялық пубертатты жасқа жеткенде тоқтатылуы тиіс. Сүйек жасы 12-13 жылдық физиологиялық жасқа сәйкес келетін қыз балаларда емдеуді жалғастыруға кеңес берілмейді. Сүйек жасын негізге алып, ер балаларда емдеуді тоқтату сәтін анықтау үшін қолжетімді деректер саны шектеулі, алайда, сүйек жасы 13-14 жылдық физиологиялық жасқа сәйкес келетін ер балаларда емді тоқтатуға кеңес беріледі. Генитальді және экстрагенитальді эндометриоз Диферелин® 3,75 мг дозада әр 4 апта сайын бұлшықет ішіне енгізіледі. Емдеу етеккір оралымының алғашқы бес күнінде басталуы тиіс. Емдеу ұзақтығы эндометриоздың ауырлық дәрежесіне және ем кезінде байқалатын клиникалық өзгерістерге (функционалдық және анатомиялық) байланысты. Емдеуді 6 айдан артық жүргізуге болмайды. Трипторелинмен немесе гонадотропин-рилизинг гормонның басқа аналогымен екінші емдеу курсын қолдану ұсынылмайды. Эндометриоз себебімен ГнРГ аналогтарын қабылдаған пациент әйелдерде қосымша емге гормонмен орын басу емін (add-back терапия – эстрогенмен және прогестагенмен қалпына келтіретін гормонмен емдеу) қосу сүйек тінінің минералдық тығыздығын жоғалтуын және вазомоторлық симптомдарды азайтатыны көрсетілді. Сондықтан, қажет болса, оны әр емдеу түрінің қауіптері мен артықшылықтарын ескере отырып, ГнРГ аналогымен бір мезгілде тағайындау керек. Жатыр фибромиомасы (хирургиялық араласу алдында) Диферелин® 3,75 мг дозада әр 4 апта сайын енгізіледі. Емдеу етеккір оралымының алғашқы бес күнінде басталуы тиіс. Емдеу курсының ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Әйел бедеулігі Диферелин®, әдетте, оралымның екінші күні 3,75 мг дозада енгізіледі. Гонадотропиндермен біріктіру гипофиз десенсибилизациясынан кейін (қан плазмасындағы эстрогендер концентрациясы 50 пг/мл-ден аз), әдетте, Диферелин® 3,75 мг инъекциясынан кейін 15-ші күні жүргізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.