+162 бонус

ДИАФЛЕКС 50 мг №30 капс

3250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диацереин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың ішінде: белсенді зат - 50.000 мг диацереин; қосымша заттар: магний стеараты, лактоза моногидраты; капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
Тез әсерге қол жеткізу қажеттілігі болмағанда ұршық және тізе буындары остеоартритін симптоматикалық емдеуде. Дәрілік заттың клиникалық әсерінің баяу дамуы салдарынан, ұршық және тізе буындарының тез өршитін остеоартритінде ұсынылмайды.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; колопатия (ойық жаралы ректоколит, Крон ауруы); окклюзиялық немесе субокклюзиялық синдром; себептері анықталмаған ауыртатын абдоминальді синдромдар; бауырдың ағымдағы аурулары және анамнездегі бауыр аурулары; 18 жасқа дейінгі дейінгі балалар және жасөспірімдер; жүктілік және лактация кезеңі ("Арнайы ескертулер" бөлімін қараңыз).
Дозасы
Диафлекс препаратын остеоартритті емдеу тәжірибесі бар маман тағайындауы тиіс. Ересектер Ұсынылатын доза: күніне екі рет 1 капсуладан - таңертең және кешкі аспен. Кейбір пациенттерде сұйық нәжіс (диарея) пайда болуы мүмкін болғандықтан, Диафлекс препаратын қабылдауды алғашқы  2-4 апта ішінде кешкі тамақпен бірге күніне бір рет 50 мг-ден бастау ұсынылады. Содан кейін күніне екі рет 50 мг қолдануға болады – таңертең және кешкі аспен. Емдік әсері 2-4 аптадан кейін байқалады, 4-6 аптадан кейін елеулі клиникалық жақсаруы басталады, әсері емдеуден кейін шамамен екі ай бойы сақталады (“әсерінің өзгеруі” деп аталатын). Кез келген ұзақ емдеу кезіндегі сияқты, әрбір алты ай сайын бауыр ферменттерін анықтауды және несепті талдауды қоса, қан талдамасын бақылау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Капсулаларды тамақтану кезінде, тұтастай жұтып, бір стақан сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.