+102 бонус

ДИАБЕТОН MR 60 мг №30 таб

2050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гликлазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Ле Лаборатуар Сервье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - гликлазид, 30 мг, қосымша заттар: гипромеллоза 100 сП, лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
2 типті қант диабетінде диетамен емдеу, дене жүктемелері және дене салмағын төмендету тиімділігі жеткіліксіз болғанда.
Қарсы көрсетілімдер
гликлазидке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына, сульфаниламидтерге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық 1 типті қант диабеті диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, диабеттік кома ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі (бұл жағдайларда инсулин қолдану ұсынылады) миконазол қабылдау жүктілік және емшек емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Тәуліктік дозасы бір қабылдауға 30-120 мг (1/2 –2 таблетка) құрауы мүмкін. Басқа гипогликемиялық дәрілік заттарға қатысы сияқты, препарат дозасын әрбір жағдайда HbA1с және қан глюкозасының концентрациясына қарай әркімге жеке таңдау қажет. Бастапқы доза Бастапқы ұсынылатын доза (соның ішінде егде жастағы пациенттер үшін, 65 жас) – тәулігіне 30 мг (1/2 таблетка). Талапқа сай бақылау жағдайында препаратты осы дозада демеуші емге пайдалануға болады. Гликемиялық бақылаудың талапқа сай емес кезінде препараттың тәуліктік дозасын 60, 90 немесе 120 мг дейін бірізді арттыруға болады. Дозаны арттыру тек препаратты алдында тағайындалған дозада 1 ай емделген кейін ғана мүмкін болады. Қан глюкозасының концентрациясы 2 апта емделуден соң төмендемеген пациенттер бұған қосылмайды. Ондай жағдайларда қабылдауды бастаған сәттен 2 апта өткенде препарат дозасын арттыруға болады. Препараттың ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозасы 120 мг құрайды. Диабетон® MR модификацияланып босап шығатын 60 мг таблеткалар препаратының 1 таблеткасы Диабетон® MR модификацияланып босап шығатын 30 мг таблеткаларының 2 таблеткасына баламалы. 60 мг таблеткаларда кертіндінің болуы таблетканы бөлуге және әрі 30 мг (60 мг 1/2 таблетка), әрі қажет болса 90 мг (60 мг 1 және 1/2  таблетка) тәуліктік дозаны қабылдауға мүмкіндік береді. Енгізу әдісі мен жолы Таблетканы немесе таблетканың жартысын шайнамай немесе ұсақтамай жұту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.