+549 бонус

ДЕЗУРСОЛЕН 450 мг №20 капс

10990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Сэлтфар ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - урсодезоксихолий қышқылы 450 мг, қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (E 171), желатин
Қолданылуы
- өт қалтасындағы рентгеннегативті холестерин тастарын және өт жолдарындағы операциядан кейін қалатын диаметрі 15 мм аспайтын тастарды ерітуде Кешенді ем құрамында: - декомпенсация белгілері жоқ бауырдың бастапқы биллиарлық циррозында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өт қалтасының, өт шығару жолдарының немесе ішектің жедел қабыну аурулары, оның ішінде өт қалтасының эмпиемасы - өт шығару жолдарының (жалпы бауырдың немесе өт қалтасы жолдарының) обструкциясы - бауыр шаншуларының жиі көріністері - өт қалтасының рентгеноң (кальцийленген) конкременттері - өт қалтасы моторлық белсенділігінің бұзылыстары, функциясын атқармайтын өт қалтасы, өт жыланкөзі, өт- асқазан- ішек жыланкөзі - декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы - бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - жедел панкреатит - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Препарат дозасы жекелей, аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты таңдалады. Өт тастарын еріту үшін ұзақ емдеген кезде, орташа тәуліктік дозасы 450 мг (1 капсула) құрайды. Семіздікпен зардап шегетін пациенттерде тәуліктік дозасын 900 мг (2 капсула) дейін арттырылуы мүмкін. Бар болған өт тастарын ерітудің дұрыс жағдайларын демеу үшін емдеу ұзақтығы кем дегенде 4-6 айды, көбінесе үзіліссіз 9 айға дейінді құрайды. Рентгендік және ультрадыбыстық зерттеулер өт конкременттерінің жоқ екендігін көрсеткеннен кейін емдеу 3-4 ай бойы жалғасуы тиіс. Декомпенсация белгілері жоқ бауырдың бастапқы биллиарлық циррозында тәуліктік дозасы кг дене салмағына 8-10 мг (1 капсула) құрайды. Дәрігер дозаны түзетуге шешім қабылдауына болады: атап айтқанда, егер Дезурсолен® көтерімділігі жақсы болса, оны барынша жоғары дозаларда қабылдауға болады. Модификацияланып босап шығатын капсулаларды күніне бір рет ұйықтар алдында, шайнамай және аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек. Жалпы емдеу курсы 2 жылдан аспауы тиіс. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Симптомдары: препараттың артық дозалануы жағдайында диарея дамуы мүмкін. Жалпы артық дозаланудың басқа да симптомдарының даму мүмкіндігі аз, өйткені қабылданған дозаны арттырғанда урсодезоксихолий қышқылының сіңірілуі төмендейді және оның нәжіспен шығарылуы артады. Емі: артық дозалану кезінде спецификалық ем жүргізу қажет етілмейді; диарея салдарын регидратацияның көмегімен, электролиттер мен колестирамин қабылдауды алмастыра отырып, симптоматикалық ем жүргізген жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.