+135 бонус

ДЕЗИРЕТ 75 мкг №28 таб

2700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезогестрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Зентива, к.c.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 0.075 мг дезогестрел қосымша заттар: лактоза моногидраты, α-токоферол, жүгері крахмалы, повидон К30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы, кремнийдің коллоидты қостотығы. қабығы: гипромеллоза 2910 51.00 %, полиэтиленгликоль 11.00 %, титанның қостотығы (Е171) 38.00 %.
Қолданылуы
- гормондық контрацепция үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық - веналық тромбоэмболия немесе оның анамнезде болуы (мысалы, терең веналардың тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы) қауіп факторларымен бірге немесе оларсыз болуы ­ артериялық тромбоэмболия немесе оның анамнезде болуы, атап айтқанда миокард инфарктісі және ми қанайналымының бұзылуы - анықталған немесе болжамды гормонға тәуелді қатерлі ісіктер ­ веналық немесе артериялық тромбоздың күрделі немесе көптеген қауіп факторларының болуы ­ анамнезде тромбоз хабаршыларының болуы (мысалы, ми қанайналымының өтпелі бұзылуы немесе стенокардия) ­ ауыр артериялық гипертензия ­ сүт безі мен жыныс мүшелерінің диагнозы қойылған немесе күдікті гормонға тәуелді қатерлі ісіктері ­ бауырдың ауыр аурулары немесе олардың анамнезде болуы («бауыр» тестілерінің функционалдық көрсеткіштері қалыпқа түскенге дейін) ­ шығу тегі белгісіз қынаптық қан кетулер - анықталған немесе болжамды, сондай-ақ анамнездегі жатырдан тыс жүктілік - жержаңғаққа немесе сояға аллергия - лактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Дезирет таблеткаларын пішінді ұяшықты қаптамада көрсетілген тәртіппен, екі таблетканы қабылдау аралығы әрдайым 24 сағатты құрауы үшін, күн сайын шамамен бір уақытта қабылдау керек. Алғашқы таблеткасын етеккірлік қан кетудің бірінші күні қабылдау керек. Содан кейін, қан кетуі мүмкіндігіне назар аудармастан, 28 күн бойы күніне бір таблеткадан үзіліссіз қабылдау керек. Таблеткалары бар жаңа блистерді бірден, яғни, алдыңғы блистер таусылғаннан кейін келесі күні бастайды. Алдыңғы айда қандай-да бір контрацептивтік препараттар қабылданбаған жағдайда  Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының 1-ші күні (етеккірлік қан кетудің бірінші күні) бастау керек. Қабылдауды етеккір оралымының 2–5 күндері бастауға жол беріледі, бірақ бұл жағдайда алғашқы қаптамадан таблеткаларды қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану ұсынылады. Бірінші триместрдегі аборттан кейін Бірінші триместрдегі аборттан кейін қабылдауды дереу бастау ұсынылады. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша әдісін пайдалану қажет емес. Босанғаннан немесе екінші триместрдегі аборттан кейін Препаратты қабылдауды босанудан немесе екінші триместрдегі аборттан кейінгі 21-28-ші күндері бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблеткаларды қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдау басталғанға дейін жыныстық қатынас орын алса, жүктіліктің бар-жоқтығы анықталуы тиіс немесе алғашқы етеккірді күту қажет. Контрацепцияның басқа әдістерінен Дезирет препаратына ауысу Басқа біріктірілген гормондық контрацептивтен (БОК, қынап сақинасынан немесе трансдермальді бұласырдан) ауысу Дезирет препаратын қабылдауды алдыңғы БОК соңғы белсенді таблеткасынан кейін (құрамында белсенді заттар бар соңғы таблетка) келесі күні немесе қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алып тастаған күні бастау ұсынылады. Бұл жағдайларда қосымша контрацептивті пайдалану қажет емес. Таблеткасыз, бұласырсыз, сақинасыз немесе алдыңғы біріктірілген гормондық контрацептивтің плацебо таблеткаларынсыз әдеттегі аралықтан кейінгі күннен кешіктірмей қабылдауға болады, алайда таблеткаларды қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін пайдалану ұсынылады. Құрамында гестагендер ғана бар гормондық контрацептивтерден («мини-пили», инъекциялық түрлерден және гестагеннің босап шығуы бақыланатын жатырішілік жүйелерден (ЖІЖ)) ауысу Мини-пилиден кез келген күні (имплантаттан немесе ЖІЖ-ден алып тастаған күні, инъекциялық түрінен келесі инъекциясы жасалуы тиіс кезде) ауысуға жол беріледі. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.