+21 бонус

Девясил корни ф/чай 100,0

9:00-ден кейін қолжетімді
430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Зерде-Фито ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір қораптың ішінде белсенді зат - 50 г, 100 г андыз тамырсабақтары мен тамырлары
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде: - қою, тұтқыр қақырық шығаратын қатты жөтелмен бірге жүретін тыныс алу мүшелерінің жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында - холециститте - гастроэнтеритте, шығу тегі инфекциялық емес іш өтуде - ішекқұрттарын шығаратын дәрі ретінде аскаридозда. Сыртқа – тез жазыла қоймайтын, бірақ суланбайтын жараларда, тері қышынуындағы тері бөртпелерінде.
Қарсы көрсетілімдер
- препаратқа жоғары сезімталдық - бүйрек аурулары - жүрек аурулары - 12 жасқа дейінгі балалар - жүктілік, лактация кезеңі
Дозасы
16 г (2 ас қасық) препаратты эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады және қайнап тұрған су моншасында жиі араластырып 30 минут қыздырады, бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Жылы күйінде ¼ стақаннан күніне 3 – 4 рет ас ішуден 1 сағат бұрын қабылдайды. Қолданар алдында қайнатпаны шайқау керек. Қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді, сыртқа Емдеу ұзақтығы Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Сирек: - аллергиялық реакциялар - қыжыл - іш ауруының күшеюі Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК. http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.