+350 бонус

ДЕВИТ Витамин Д3 50000 МЕ №8 таб

7000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Колекальциферол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ОАЭ
  • Өндіруші: Quest Vitamins Middle East Fze
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 500 мг D3 дәрумені (50 000 ХБ) (1.25 мг колекальциферолға баламалы). қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH102: 290, гидратталған коллоидты кремнийдің қостотығы, сусыз дикальций фосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты қабық құрамы: Сепифилм LP014 мөлдір (гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы), Сеписперс құрғақ 5047 қызыл (гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы Е171, темірдің қызыл тотығы Е172).
Қолданылуы
- D дәруменінің тапшылығын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- D дәруменіне немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - D гипервитаминозы - гиперфосфатемиямен жүретін бүйрек остеодистрофиясы - гиперкальциемия және / немесе гиперкальциурия - несептас ауруы, бүйректе кальций тастарының болуы немесе түзілу қаупі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - жүктілік - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Сақтықпен: - саркоидозы бар пациенттерде
Дозасы
Ересектерде D дәрумені тапшылығын емдеу: 6-8 апта бойы аптасына 50.000 ХБ (1 таблетка), кейіннен демеуші ем (күніне 1400-2000 ХБ баламалы), яғни айына 1 таблетка 50.000 ХБ. Демеуші ем мақсаттық деңгейге қол жеткізуді сақтау үшін кейінгі 3-4 ай ішінде қандағы 25-(OH) D концентрациясын бақылай отырып жүргізіледі. D дәруменінің тапшылығы қаупі жоғары пациенттердің төменде көрсетілген белгілі бір топтары өте жоғары дозаларды керек етуі мүмкін, мұндайда қандағы 25-(OH) D концентрацияларына бақылау жүргізу қажет: институционализацияланған немесе ауруханаға жатқызылған адамдар қара нәсілділер қорғаныш киімі болғандықтан инсоляция жеткіліксіз болатын немесе күннен қорғайтын кремді үнемі пайдаланатын адамдар семіздіктен зардап шегетін адамдар остеопороз диагностикаланған адамдар дәрілік препараттарды (мысалы, құрысуға қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды) қатар қабылдап жүрген адамдар мальабсорбциядан, соның ішінде ішектің қабыну ауруларынан және глютенді энтеропатиядан зардап шегетін адамдар D дәрумені тапшылығына қатысты емделуден өткен, демеуші емді қажет ететін адамдар Балалар Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.