+667 бонус

ДЕТРАЛЕКС 500 мг №60 таблеток

13350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диосмин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Les Laboratoires Servier Industrie
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – құрамында 450 мг (90 %) диосмин және 50 мг (10 %) гесперидин түріндегі флавоноидтар бар тазартылған микрондалған** флавоноидты фракция қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий крахмалгликоляты, тальк, магний стеараты, тазартылған су Үлбірлі қабықтың құрамы: макрогол 6000, натрий лаурилсульфаты, Қызғылт сары-қызғылт үлбірлі қабық OY-S-8761 үшін қоспа құрамында: глицерин, гипромеллоза, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Детралекс ересектердегі созылмалы веналар ауруларының симптомдарын емдеу үшін (симптомдарды жою және жеңілдету) қолдануға арналған. Вена-лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу: ауырсыну; аяқтың құрысуы; аяқтағы ауырлық пен кернеу сезімі; аяқтың «шаршауы». Вена-лимфалық жеткіліксіздік көріністеулерін емдеу: аяқтың ісінуі; тері мен тері асты тіндерінің трофикалық өзгерістері; веналық трофикалық ойық жаралар. Жедел және созылмалы геморройды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық емшек емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Веналық-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 2 таблетка, бір немесе екі дозада (таңертең, түстен кейін және/немесе кешке) тамақ ішу кезінде. Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айды құрауы мүмкін (12 айға дейін). Симптомдар қайталаған жағдайда емдеу курсы қайталануы мүмкін. Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 6 таблетка (таңертең 3 таблетка, кешке 3 таблетка) 4 күн бойы, одан кейін тәулігіне 4 таблеткадан (таңертең 2 таблетка, кешке 2 таблетка) келесі 3 күн бойы, тамақ ішу кезінде. Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза – тамақ ішу кезінде тәулігіне 2 таблетка. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Таблеткаларды су іше отырып, тұтастай жұту керек. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары Детралекспен артық дозалану туралы деректер шектеулі. Артық дозалану кезінде көбінесе асқазан-ішек жолдары (диарея, жүрек айнуы, іштің ауруы) және тері жабыны (қышыну, бөртпе) тарапынан жағымсыз құбылыстар байқалды. Емі Артық дозалану кезде симптоматикалық ем жүргізіледі. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Қажет болған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуге болады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Клиникалық зерттеулерде байқалған Детралекс® препаратының жағымсыз әсерлері жеңіл дәрежеде болды. Негізінен асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу) байқалды. Келесі жағымсыз реакциялар немесе пайда болу жиілігінде келтірілген құбылыстар туралы хабарланды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 және <1/10); жиі емес (≥1/1 000 және <1/100); сирек (≥1/10 000 және <1/1 000); өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес). Жиі диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу Жиі емес колит Сирек бас айналуы, бас ауыруы, жалпы дімкәстану тері бөртпесі, терінің қышынуы, есекжем Белгісіз іштің ауыруы беттің, еріннің, қабақтың оқшауланған ісінуі ангионевроздық ісіну Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.