+403 бонус

ДЕТРАЛЕКС 1000 мг №18 таб

8060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диосмин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: Лаборатории Сервье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - құрамында 900 мг (90 %) диосмин және 100 мг (10%) гесперидин түріндегі флавоноидтар бар тазартылған микрондалған** флавоноидты фракция қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), тальк, магний стеараты, тазартылған су, үлбірлі қабықтың құрамы: натрий лаурилсульфаты, қызғылт сары-қызғылт қоспа OY-S-8761, құрамында: глицерин, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172). таблеткаларды жылтыратуға арналған толтырғыш - макрогол 6000.
Қолданылуы
Детралекс ересектердегі созылмалы веналар ауруларының симптомдарын емдеу үшін (симптомдарды жою және жеңілдету) қолдануға арналған. Вена-лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу: ауырсыну; аяқтың құрысуы; аяқтағы ауырлық пен кернеу сезімі; аяқтың "шаршауы". Вена-лимфалық жеткіліксіздік көріністеулерін емдеу: аяқтың ісінуі; тері мен тері асты тіндерінің трофикалық өзгерістері; веналық трофикалық ойық жаралар. Жедел және созылмалы геморройды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді компоненттерге немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген қосымша заттарға жоғары сезімталдық - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Веналық-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 1 таблетка, таңғы тамақтану кезінде қабылдаған дұрыс. Таблеткадағы сызық тек жұтуды жеңілдету мақсатында бөлуге арналған. Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 3 таблетка (1 таблеткадан таңертең, түсте және кешке) 4 күн бойы, одан кейін тәулігіне 2 таблеткадан (1 таблеткадан таңертең және кешке) келесі 3 күн бойы. Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза - тамақ ішу кезінде тәулігіне 1 таблетка. Емдеу курсының ұзақтығы  емдеуші дәрігермен анықталады. Орташа емдеу ұзақтығы 2-3 айды құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау. Таблеткаларды тамақтану кезінде бүтіндей жұту және сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.