+508 бонус

ДЕСМИВЕН УЛЬТРА 1000 мг №30 таб

10170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диосмин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Сэлтфар ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында Белсенді зат - микрондалған диосмин, 1000 мг, қосымша заттар: поливинил спирті, натрий кроскармеллозасы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай II 85F82874 сары (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің сары тотығы (E172)
Қолданылуы
- аяқтың веналық-лимфа жеткіліксіздігін (күш салу, аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы) емдеу - геморроидальді веналардың аурулары. Геморроидальді аурумен байланысты симптомдардың асқынуын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - бала емізу кезеңінде
Дозасы
Ересектер: • Аяқтың созылмалы веналық жеткіліксіздігі кезінде: күніне 1 таблеткадан, таңертең тамақтану кезінде. • Геморрой симптомдарының асқынуы: тамақтану кезінде күніне үш рет 1 таблеткадан, 4 күн бойы; осыдан кейін күніне екі рет 1 таблеткадан, тағы 3 күн бойы. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Емдеу ұзақтығы Аяқ веналарының лимфовеналық жеткіліксіздігі Егер аурудың симптомдары нашарласа немесе 6 апта емдеуден кейін жақсармаса, пациент дәрігерге жүгіну қажет. Дегенмен, егер дәрігер басқа мақсатты бағытталған емдеуді қолдануды қажет деп санамаса, пациент Десмивен® Ультраны едәуір ұзақ кезең бойы қабылдауды жалғастыруы мүмкін. Геморрой симптомдарының асқынуы Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Егер аурудың симптомдары жақсармаса немесе 7 күн емдеуден кейін нашарласа, пациентке дәрігерге жүгіну керек. Десмивен® Ультрамен өзін-өзі емдеу 7 күн бойы жалғасуы мүмкін – егер бұл кезең ішінде симптомдар жоғалмаса, пациентке емдеуші дәрігерге жүгіну керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.