+497 бонус

Десилмакс таб. 50 мг №12

9:00-ден кейін қолжетімді
9950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 70.24 мг немесе 140.48 мг силденафил цитраты (сәйкесінше, 50 мг, 100 мг силденафилге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 2910 типі, магний стеараты, қабықтың құрамы: Opadry Blue 03K80814 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, FD&C Blue#2/ индигокармин алюминий (Е132)
Қолданылуы
- жыныс мүшесін қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жеткізуге немесе сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда. Десилмакс тек сексуалды стимуляция ғана тиімді. Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қарсы көрсетілімдер
- силденафил цитратына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттармен (амилнитрат) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қабылдау - гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (осы пациенттердің аздаған бөлігінде торқабықтың фосфодиэстераза функциясының тұқым қуалайтын бұзылулары бар)) - көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көздің көрмей қалуы, осы көріністің мұның алдында ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланысты немесе онсыз болғанына қарамай - артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с. б.) - жүрек-қантамырлық ауыр аурулар (мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия) - соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі - соңғы 6 айда бастан өткерген инсульт - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерде пайдаланылуы Жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын ішке қабылдауға ұсынылатын доза 50 мг құрайды. Тиімділігін және жағымдылығын ескерер болсақ, доза 100 мг дейін арттырылуы немесе 25 мг дейін азайтылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды және қолдану жиілігі – тәулігіне бір рет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттерде дозаны түзетудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуларында (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзетудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуімен байланысты, Десилмакстің 25 мг дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Тиімділігіне және жағымдылығына қарай, қажеттілігі бойынша оның дозасын 50 мг-ге дейін және 100 мг-ге дейін кезең-кезеңмен арттыруға болады. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының бұзылулары (мысалы, цирроз) бар пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендейтін болғандықтан, препараттың 25 мг дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Тиімділігіне және жағымдылығына қарай, оның дозасын қажеттілігі бойынша 50 мг-ге дейін, және 100 мг-ге дейін кезең-кезеңмен арттыруға болады. Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирден басқа, CYP3A4 тежегіштерімен қатар ем қабылдап жүрген пациенттерде бастапқы препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Альфа-блокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, пациенттер силденафилмен емдеуді бастамас бұрын альфа-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек. Бұдан басқа, силденафилді 25 мг дозадан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді түрде қолдануға арналған. Таблетканы стакан сумен ішіп, тұтастай жұту қажет. Десилмаксті тамақпен бірге немесе онсыз қабылдай беруге болады. Дегенмен, тамақпен бірге қабылдаған жағдайда препараттың әсері басталуы үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін. Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар Симптомдары: жағымсыз реакциялар (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру сезімінің бұзылуы) жиілігі артады. Емі: симптоматикалық. Гемодиализ силденафилдің клиренсін жылдамдатпайды, өйткені соңғысы қан плазмасының ақуыздарымен белсенді түрде байланысады және несеппен шығарылмайды. Дәрілік препараттың қолданылу тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкерден кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар бар болса, емдеуші дәрігерге барыңыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Өте жиі - бас ауыру Жиі - бас айналу - көзге түрлі түстің бұрмаланып көрінуі (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, көздің анық көрмеуі - гиперемия, ысынулар - мұрынның бітелуі - жүректің айнуы, диспепсия Жиі емес - ринит - аса жоғары сезімтлдық - ұйқышылдық, гипестезия - көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы безі функциясының бұзылуы, жас ағудың ұлғаюы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, айқын көру қабілеті, конъюнктивит  - кеңістікте бағдардан адасу (вертиго), құлақтың шуылдауы - тахикардия, жүрек қағуының сезілуі - артериялық гипертензия, артериялық гипотензия - мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы - бөртпе - миалгия, аяқ-қолдың ауыруы - гематурия - кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, қызу сезімі - жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы Сирек - ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану - көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясы*, торқабық қантамырларының окклюзиясы*, торқабыққа қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, торқабықтың ауруы, глаукома, көру өрісінің ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәріздес дененің бұлдырап көмескіленуі, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру ауқымында түрлі түсті шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көру бұзылысы, конъюнктивальді гиперемия, көздің тітіркенуі, көзде әдеттен тыс сезім, қабақтың ісінуі, склера түсінің өзгеруі - кереңдік - жүректен кенет өлу*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелердің фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия - тамақта кернеу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрын шырышының құрғауы - оральді гипестезия - Стивенс – Джонсон синдромы*, уытты эпидермальді некролиз* - жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі - ашушаңдық *тіркеуден кейінгі бақылаулар кезінде байқалған жағымсыз әсерлер. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.