+57 бонус

ДЕРМОВЕЙТ 0,05% 25 г мазь

1150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клобетазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Delpharm Poznan Spolka Akcyjna
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір г кремнің құрамында белсенді заттар – клобетазол пропионаты, 500.0 мкг1 1 – 7.5% артық алынады қосымша заттар – пропиленгликоль, сорбитон сесквиолеаты, ақ жұмсақ парафин.
Қолданылуы
Дермовейт® сыртқа қолдануға арналған өте жоғары белсенді кортикостероид болып табылады, ол ересектерге, егде жастағы пациенттерге және 1 жастан асқан балаларға белсенді кортикостероидтармен емдеуге жауап бермейтін стероидты сезімтал дерматоздар кезінде қабыну көріністерінің және тері қышуының неғұрлым көп резистентті нысандарын қысқа мерзімді емдеу үшін көрсетіледі. Оларға мыналар жатады: псориаз (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) - қайталамалы дерматоздар жалпақ теміреткі дискоидты қызыл жегі - белсенділігі төмен стероидтардың емге төзімді емес, басқа да тері аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық Дермовейт® препаратын келесі ауруларды емдеу үшін қолдануға болмайды: - терінің емделмеген инфекциялары - розацеа - кәдімгі безеулер - қабыну болмаса да терінің қышынуы - перианальді және генитальді қышыну - периоральді дерматит Дермовейт® дерматитті және жөргек терінің тітіркенуін қоса алғанда, бір жасқа дейінгі балалардағы дерматит кезінде қарсы көрсетілген.
Дозасы
Клобетазол пропионаты сыртқа қолдануға арналған белсенділігі жоғары кортикостероидтар класына жатады (IV топ), ұзақ уақыт қолдану елеулі жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін. Жергілікті кортикостероидтармен емдеу үшін клиникалық негіздер болған кезде әсері төменірек кортикостероидты препараттарды 4 аптадан астам қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Дермовейт® препаратын қолдана отырып, аурудың асқынуының алдын алу үшін қайта, бірақ қысқа мерзімді емдеу курсына жол беріледі. Ересектер, егде жастағы пациенттер және 1 жастан асқан балалар Кремді күніне бір немесе екі рет 4 аптадан аспайтын мерзімде бүкіл зақымданған аумақты жабуға жеткілікті мөлшерде жұқа қабатпен жағады және жақсару басталғанша абайлап ыcқылайды (аса сезімтал аурулар кезінде Дермовейт® препаратын бірнеше күн бойы қолдануды жалғастыруға болады), содан кейін жағу жиілігін азайту немесе емдеу схемасын белсенділігі аз препаратты пайдалануға көшу ұсынылады. Басқа жұмсартқыш затты қолданар алдында препаратты әр жағудан соң кремнің сіңірілуін күту керек. Аурудың өршуінің алдын алу үшін Дермовейт® препаратын қолдана отырып, емдеудің қысқа мерзімді курсын қайталауға жол беріледі. Неғұрлым тұрақты зақымдануларында, әсіресе, гиперкератоз жағдайында, Дермовейт® препаратының әсерін, қажет болған жағдайда, терінің өңделген аймағына полиэтилен пленкасы түріндегі окклюзиялық таңғышты қолдану арқылы күшейтуге болады. Әдетте, тиімді нәтиже алу үшін түнде таңғыш тарту жеткілікті. Жағдай жақсарғаннан кейін қол жеткізілген әсерді окклюзиялық таңғышсыз кремді қолдауға болады. Пациент жағдайы жақсаруы 2-4 апта ішінде басталмаса, емдеу мен диагнозды қайта қарау қажет. Емдеуді 4 аптадан артық жалғастыруға болмайды. Егер ұзақ емдеу қажет болса, әсер етуі аз басқа препараты қолданған жөн. Ең жоғары апталық доза аптасына 50 г-ден аспауы тиіс. Атопиялық дерматит (экзема) Дермовейт® препаратымен емдеуді аурудың бақылануына жетуден кейін, бірден біртіндеп тоқтату керек, ал кез келген басқа жұмсартқыш затты қолдану демеуші ем ретінде жалғастырылуы тиіс. Дермовейт® препаратын күрт тоқтату бұрын болған дерматоздың қайталануына әкелуі мүмкін. Емдеуге берілуі қиын дерматоз: аурудың қайталануы жиі болатын пациенттер Сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтарды қолданудың үздіксіз курсына нәтижесінде, жедел ауруды емдеу әсеріне қол жеткізілгеннен кейін, оны үзік-үзік қолдану мүмкіндігін (күніне бір рет, аптасына екі рет, окклюзиялық таңғышсыз) қарастыруға болады. Осындай емнің қайталанулардың даму жиілігін тиімді төмендететіні белгілі. Препаратты терінің барлық бұрын зардап шеккен аймақтарына немесе ықтимал өршудің белгілі жерлеріне қолдануды жалғастыру керек. Осы қолдану сызбасы кез келген басқа жұмсартқыш затты күнделікті жүйелі қолданумен біріктірілуі тиіс. Жағдайды, сондай-ақ емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін жүйелі бағалап отыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Дермовейт® препараты бір жасқа толмаған балаларда қолдануға қарсы көрсетілген. Балалар сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтарға тән жергілікті және жүйелі жанама әсерлерді дамытуға бейім, әдетте, ересектерге қарағанда, оларға қысқа емдеу курстарын және аз белсенді препараттарды тағайындау керек. Егер балаларға Дермовейт® препаратын қолдану қажет болса, емдеу курсын бес күнге дейін шектеп, оны апта сайын қайта қараған жөн. Дермовейт® препаратын қолданған кезде сақтық таныту керек, емдік әсерді қамтамасыз ететін препараттың қолданылатын мөлшері ең аз болуы үшін. Балалар мен нәрестелерді емдеу ұзақтығын мүмкіндігінше бес күнмен шектеп, апта сайын қайта бағалау қажет. Окклюзияны қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Клиникалық зерттеулерде препараттың егде және жас пациенттерде препараттың тиімділігінде ешқандай айырмашылық анықталмаған. Егде жастағы пациенттерде бауыр немесе бүйрек функциясы төмендеуінің кеңінен таралуы препараттың ол жүйелі сіңірілген жағдайда баяу шығарылуына әкелуі мүмкін. Демек, ол қажетті клиникалық әсерге жету үшін тым аз мөлшерде және мүмкін болатын ең қысқа кезеңде қолданылуы тиіс. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препарат жүйелі сіңірілген жағдайда (ұзаққа созылатын кезең бойы терінің ауқымды беткейлеріне жаққанда) оның метаболизмі мен шығарылуы баяулап, жүйелі уыттанудың жоғары даму қаупіне әкелуі мүмкін. Демек, ол қажетті клиникалық әсерге жету үшін тым аз мөлшерде және мүмкін болатын ең қысқа кезеңде қолданылуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайлар әсіресе терінің құрғауы, қалыңдауы немесе қабыршақтануы кезінде қолдануға жарамды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.