+292 бонус

ДЕРИНАТ 0.25% 10 мл капли

5850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «ФармПак»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,25%, 1 құты Деринат препаратының құрамында: Белсенді зат - натрий дезоксирибонуклеаты – 0.025 г Қосымша заттар: натрий хлориді – 10 мг, инъекцияға арналған су – 10 мл дейін.
Қолданылуы
Дәрілік препарат 18 жастан бастап ересектерде, 1 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға арналған. Монотерапия: - жедел респираторлық ауруларда (ЖРА); - жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы мен емдеуде; - ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну ауруларында. Кешенді ем құрамында: - созылмалы қабыну ауруларында, зеңдік, бактериялық және гинекологиядағы шырышты қабықтардың басқа да инфекцияларында; - жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (ринит, синусит, гайморит, фронтит); - аяқтың облитерациялайтын ауруларында; - трофикалық жараларда, ұзақ уақыт емделмейтін және инфекцияланған жараларда (соның ішінде қант диабетінде); - гангренада; - күйікте, үсік шалуда; - геморройда; - тері мен шырышты қабаттардың сәулелік емнен кейінгі некрозында. Бала емізу кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң түрде қолдану керек. Егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек, себебі қауіпсіздік бойынша ұзақ мерзімді деректер жоқ. 1 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды, себебі қауіпсіздік бойынша ұзақ мерзімді деректер жоқ.
Қарсы көрсетілімдер
- аса жоғары сезімталдық, әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне сезімталдық - жүктілік кезіндегі әйелдер ана үшін күтілетін пайда мен шарана үшін ықтимал қауіпті бағалауы керек - 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препарат 1 жастан асқан балаларға және ересектерге тағайындалады. ЖРВИ алдын алу үшін мұрынға 2 тамшыдан тамызады немесе әр мұрын жолына күніне 2-4 рет 1-2 апта бойы 1 бүркуден бүркиді. ЖРИ, ЖРВИ кезінде препаратты мұрынға әрбір мұрын жолына 2-3 тамшыдан тамызады немесе әрбір мұрын жолына 1-1,5 сағат сайын, бірінші тәулік ішінде 1-2 бүркуден бүркиді; бұдан әрі – әрбір мұрын жолына 2-3 тамшыдан тамызады немесе 1 бүркуден күніне 3-4 рет бүркиді, курстың ұзақтығы – 1 ай. Мұрын қуысы мен мұрынның қосалқы қойнауларының қабыну ауруларында препарат күніне 4-6 рет 3-5 тамшыдан тамызады немесе әр мұрын жолына 1-2 бүркуден бүркиді. Курстың ұзақтығы - 7-15 күн. Ауыз қуысының шырышты аурулары кезінде препаратпен тәулігіне 4-6 рет шаю жүргізіледі (1 құты – 1-2 шаю) немесе препарат шырышты қабықтың тиісті зақымдалған учаскелеріне біркелкі, тәулігіне 4-6 рет 2-3 бүрку арқылы шашыратылады. Емдеу курсының ұзақтығы 5-10 күн. Созылмалы қабыну аурулары, зеңдік, бактериялық және гинекологиядағы басқа инфекциялар кезінде - жатыр мойнын шаю арқылы вена ішіне енгізу немесе емшараға 5 мл препараты бар тампондарды тәулігіне 1-2 рет 10-14 күн ішінде қынап ішіне енгізу. Геморрой кезінде препарат тік ішекке 15-40 мл микроклизма түрінде тағайындалады. Емдеу курсының ұзақтығы 4-10 күн. Аяқтың облитерациялайтын ауруларында препаратты мұрынға әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан күніне 6 рет тамызады, курс ұзақтығы 6 айға дейін. Терінің және шырышты қабықтың сәулемен емдеуден кейінгі некрозы кезінде, ұзақ уақыт емделмейтін жаралар, күйіктер, үсіктер, этиологиясы түрлі трофикалық жаралар, гангреналар кезінде зақымданған жерлерге аппликациялық таңғыштар (екі қабатталған дәке) салынады, оған препаратты күні бойы 3-4 рет шашады немесе зақымданған беткейді бүріккіштен тәулігіне 4-5 рет 10-40 мл препаратпен өңдейді (емдеу курсы – 1-3 ай). Балалар: 1-кесте. Деринат препаратын педиатрияда 0,25% жергілікті және сыртқа қолдануға арналған ерітіндіні қолдану схемасы. Нозология Енгізу жолы Енгізу көлемі Аралығы/ еселігі Курстың ұзақтығы ЖРВИ мен тұмауды емдеу Интраназальді (әр мұрын жолына) 2-3 тамшыдан. әр 2 сағат сайын алғашқы 2 күн, содан кейін күніне 3-4 рет симптомдар жойылғанға дейін ЖРВИ профилактика Күніне 2-4 рет 1 ай ЖАБ (риносинуситтер, аденоидиттер, тонзиллиттер, отиттер, фронтиттер) Күніне 4-6 рет 2–4 апта Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары Аппликациялар quantum satis Күніне 2-4 рет 5-10 емшара Интраназальді түрде тамшылатқыш-құтыдағы Деринат ерітіндісін тағайындайды. Әр мұрын жолына күніне 3-4 рет орта есеппен 2-4 тамшыдан тамызу ұсынылады. Қолдану ұзақтығы инфекциялық процестің ерекшеліктеріне байланысты және 2-3 ай болуы мүмкін. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты шаю. Ауыз қуысын шаю үшін құтыдағы ерітінді қолданылады. Шаю кезінде жылы Деринат ерітіндісі қолданылады, t – 36,0÷37,0 °С. Шаю жиілігі күніне 3-тен 6 ретке дейін. Қолдану ұзақтығы ауруға байланысты 5 күннен 6 айға дейін. Деринат ерітіндісін күніне 3-6 рет 2 тамшыдан интраотальді пайдаланады. Бұл әдіс оториноларингологияда ішкі, ортаңғы және сыртқы құлақ ауруларында қолданылады. Небулайзер арқылы ингаляциялы түрде құтыдағы ерітіндіні физиологиялық ерітіндімен 1:1 қатынасында (1-2 мл Деринат ерітіндісі және 1-2 мл физ.ерітінді) күніне 2 реттен жалпы курсы 5-10 күн қолданады. Деринатпен небулайзерлік ем әдісі әсіресе балаларда, жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы инфекцияларында, бронх демікпесінде, поллинозда, аллергоздарда, аденоидтарда, тонзиллиттерде тиімді. Енгізу әдісі мен жолы Жергілікті. Сыртқы.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.