+175 бонус

ДЕРИЛАЙФ 50 г крем

3500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клобетазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір грамм кремнің құрамында белсенді зат - клобетазол пропионаты 0.5 мг, қосымша заттар: пропиленгликоль, парафин, цетостеарил спирті, полиоксил 15 гидроксистеараты, цетомакрогол, полиоксил 40 гидрогенделген майсана майы (макроголглицерол гидроксистеараты), хлорокрезол, тазартылған су.
Қолданылуы
Клобетазол жергілікті қолдануға арналған жоғары белсенді глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады, ол 1 жастан асқан балаларда, ересектерде және ГКС еміне сезімтал дерматоздары бар егде жастағы пациенттерде белсенділігі төмен ГКС тиімсіздігі кезінде қабыну мен тері қышынуының персистирлейтін симптомдарын қысқа мерзімді емдеу ретінде ғана пайдалануға көрсетілген: псориаз (таралған түйіндақты псориаз қоспағанда) қызыл жалпақ теміреткі дискоидты қызыл жегі емдеуге келмейтін дерматоздар белсенділігі төмен ГКС қолданған кезде тиісті әсер байқалмағанда терінің басқа аурулары
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; тері инфекциялары (тиісті ем болмаған жағдайда); розацеа; жасөспірімдер безеуі (acne vulgaris); қышыну (қабыну белгілері болмаған кезде); перианальды аумақтағы және гениталий аумағындағы қышыну; периоральді дерматит. Препаратты 1 жасқа дейінгі балаларда дерматоздарды, оның ішінде дерматит пен «жөргектік» дерматитті емдеу ретінде қолдануға болмайды.
Дозасы
Клобетазол пропионаты жергілікті қолдануға арналған анағұрлым жоғары белсенді кортикостероидтар класына (IV топ) жатады, оны ұзақ уақыт бойы пайдалану ауыр жағымсыз реакциялардың дамуымен қатар жүруі мүмкін. 4 аптадан астам уақытқа созылған жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтармен жүргізілген ем клиникалық тұрғыдан негізделген жағдайда, белсенділігі төмен кортикостероидтармен емдеуге ауысу туралы мәселені қарастырған жөн. Аурудың қайталануын болдырмау мақсатында клобетазол пропионатымен қысқа мерзімді емдеу курстарын қайталап жүргізуге болады (төменде қараңыз). 1 жастан асқан балалар, ересектер және егде жастағы пациенттер Кремді теріге жұқа қабатпен, тек бүкіл зақымдалған беткейді жабу үшін қажет мөлшерде, тәулігіне 1-2 рет жағады және ақырын ысқылайды. Қажетті емдік әсерге қол жеткізген кезде (қолайлы жағдайларда ахуалдың жақсаруы бірнеше күн ішінде байқалуы мүмкін) препаратты қолдану жиілігін төмендету немесе белсенділігі аз дәрілік заттарды пайдалану қажет. Әр аппликациядан кейін жұмсартатын дәріні қолданар алдында кремнің сіндірілуі үшін қажет біраз уақыт күту керек. Аурудың өршуінің дамуын болдырмау мақсатында клобетазол пропионатымен қысқа мерзімді емдеу курстарын қайталап жүргізуге болады. Емге ауру симптомдарының анағұрлым жоғары резистенттілігі байқалған, әсіресе гиперкератоз бар болған жағдайда, препараттың әсері полиэтилен үлбірден жасалған окклюзиялық таңғышты есебінен күшейтілуі мүмкін. Әдетте, түнге қарай окклюзиялық таңғышты қолдану қажетті әсерге қол жеткізу үшін жеткілікті болып табылады. Кейіннен, көп жағдайда бұл әсерді окклюзиялық таңғышты қолданбай демеуге болады. Ахуалы нашарлағанда немесе препаратты қолданудың 2-4 аптасында жақсару байқалмаған жағдайларда емнің қайта бағалауын жүргізіп, диагнозды қайта қарау қажет. Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы 4 аптадан аспауы керек; емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда белсенділігі аз дәрілік заттарды пайдаланған жөн. Кремнің ең жоғары апта сайынғы дозасы 50 г-нан аспауы тиіс. Аурудың симптомдарын бақылауға қол жеткізген кезде клобетазолмен емдеуді біртіндеп тоқтатып, жұмсартатын дәрімен демеуші ем жүргізу қажет. Клобетазолмен емдеуді күрт тоқтатқан кезде аурудың қайталануы дамуы мүмкін. Аурудың қайталануы жиі дамитын пациенттер (емдеуге келмейтін дерматоздар) Аурудың жедел көрінісі кезінде жергілікті қолдануға арналған ГКС емнің үздіксіз курсынан алынатын тиісті әсерге қол жеткізген жағдайларда, дәрілік затты үздіксіз пайдалану туралы мәселені қарастыруға болады (окклюзиялық таңғышты қолданбай, тәулігіне бір рет, аптасына 2 рет). Мұндай емдеу кезінде ауру дамуының қайталану жиілігі төмендейтіні анықталды. Препаратты терінің бұрыннан зардап шеккен барлық жерлеріне немесе белгілі болғандай, ауру өршігенде ықтимал әсер етуі мүмкін тері аумақтарына қолдануды жалғастыру қажет. Препаратты қолданудың осы тәсілінде күн сайын жұмсартатын дәріні пайдалану қажет. Пациенттің жағдайын, сондай-ақ емдеуді жалғастырумен байланысты артықшылықтар мен қауіптерді үнемі қайта бағалап отыру қажет. Балалар Препаратты 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Жергілікті қолдануға арналған ГКС емін алатын балаларда жергілікті және жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупі анағұрлым жоғары және әдетте, оларда ересектерге қарағанда аз белсенділігі төмен дәрілік заттарды қолдана отырып, қысқа емдеу курстарын жүргізу қажет. Клобетазол пропионатын балаларда қолданған кезде сақ болу керек; тиісті емдік әсердің дамуын қамтамасыз ететін дәрілік заттың ең аз мөлшерін пайдалану қажет. Балалардағы, оның ішінде кішкентай балалардағы емнің ұзақтығы Балаларда препаратпен жүргізілетін ем курсының ұзақтығы, мүмкіндігінше, 5 күннен аспауы тиіс, емдеуді апта сайын қайта бағалап отыру қажет; окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болмайды. Бет аумағына қолдану Препаратты бет аймағына қолданған кезде емдеу курсының ұзақтығы мүмкіндігінше 5 күннен аспауы тиіс; окклюзиялық таңғыштарды пайдаланбаған жөн. Егде жастағы пациенттер Клиникалық зерттеулерде егде жастағы және анағұрлым жас пациенттердегі препаратпен жүргізілетін емге жауапта айырмашылықтар анықталған жоқ. Препарат жүйелік қан ағымына енген жағдайларда егде жастағы пациенттерде оның организмнен шығарылуы төмендеуі мүмкін (мұндай пациенттерде бауыр немесе бүйрек функциясының төмендеуі жиі байқалады). Сондықтан егде жастағы пациенттерде препаратты тиісті клиникалық әсерге жету үшін қажетті, ең қысқа уақыт ішінде ең аз мөлшерде қолдану керек. Бүйрек/бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер Препарат жүйелік қан ағымына енген жағдайларда (ұзақ уақыт бойы тері беткейінің үлкен аймағына жағу) бүйрек/бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде оның метаболизмі мен организмнен шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін, соның нәтижесінде жүйелік уытты әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін. Сондықтан, жоғарыда аталған пациенттерде тиісті клиникалық әсерге жету үшін препаратты қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең аз мөлшерде қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Препарат тек теріге жағуға арналған. Крем әсіресе терінің дымқыл немесе суланатын беткейіне жағуға жарамды. Пациенттерге препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу ұсынылады (крем қолдың терісіне зақымдалған беткей ретінде қолданылатын жағдайларды қоспағанда).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.