ДЕНЬВИТ Д3 ИММУНО 6000МЕ ПЛЕНКИ ДИСПЕРГ В ПОЛОСТИ РТА N10

9:00-ден кейін қолжетімді
6960 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ZIM LABORATORIES LIMITED
Нұсқаулық
Құрамы
Бір үлбірдің құрамында: белсенді зат – колекальциферол (D3 дәрумені) 2.400 мг (60000 ХБ); қосымша заттар: гипромеллоза (Methocel E 15 Celcential), симетикон, пропиленгликоль, глицерин, полисорбат 80, сукралоза, титанның қостотығы (Е171), салқындатушы агент 23, жалбыз майы (дементолданған жалбыз майы), бутилденген гидроксианизол, бутилденген гидрокситолуол, неотам, сары сансет (Е110), тазартылған су.
Қолданылуы
- Д3 дәруменінің гиповитаминозы - остеомаляция, остеопороз, рахит сияқты Д3 дәруменінің тапшылығынан туындаған ауруларды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық - Д гипервитаминозы - несеп-тас ауыруы - нефрокальциноз - гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның (мысалы, миелома, сүйек тініндегі метастаздар немесе сүйек тінінің басқа қатерлі аурулары, бастапқы гиперпаратиреоидизм) дамуына әкелетін аурулар немесе жағдайлар - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: D витамині тапшылығын емдеу (<25 нмоль/л) 6-8 апта бойы аптасына бір үлбір (60 000 ХБ), одан кейін күтім терапиясы (1400-2000 ХБ/тәулігіне тең), мысалы, қажет болған жағдайда айына 1 үлбір. ДЕНЬВИТ D3 ИММУНО препаратын қатаң түрде дәрігердің рецепті бойынша қолдану керек! Пациенттерге препаратты өздігінен қабылдау ұсынылмайды. Күтім терапиясы Мақсатты деңгейге қол жеткізуді растау үшін келесі 3-4 ай ішінде қандағы 25(OH)D концентрациясын бақылаумен жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда жоғарырақ дозалар қажет болуы мүмкін, төменде қараңыз. Төмендегі популяцияларда D дәрумені тапшылығының жоғары қаупі бар және жоғарырақ дозалар мен сарысудағы 25(OH)D концентрациясын бақылау қажет болуы мүмкін: - мекемеленген немесе ауруханаға жатқызылған тұлғалар; - қара тері тұлғалар; - қорғаныс киімі немесе күннен қорғайтын кремдерді үнемі қолдану салдарынан күннің тиімді әсер етуі шектелген адамдар; - семіздік зардабын шегіп жүрген адамдар; - остеопорозы анықталған науқастар; - белгілі бір қатарлас препараттарды (мысалы, құрысуға қарсы препараттар, глюкокортикоидтар) қолданатын емделушілер; - жақында D3 дәрумені тапшылығынан емделген және демеуші терапияны қажет ететін емделушілер. Пациенттердің арнайы топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер ДЕНЬВИТ D3 ИММУНО бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде кальций препараттарымен біріктіріп қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Д3 дәрумені ауыз қуысында ұсақталатын үлбірлер 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдану үшін. Жыртуға арналған қатпар-линяны шешу үшін пакетті құрғақ қолмен пункттелген линияның жанына қойыңыз. Пакетті линия бойымен абайлап тартып ашыңыз және пакеттен үлбірді шығарып алыңыз. Үлбірді бірден тілге қойыңыз және ол ерігенше күтіңіз. Үлбір ерігеннен кейін сұйықтықпен немесе онсыз жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.