+71 бонус

ДЕНТОРА Гель стоматологический 20 г

1430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Agio Pharmaceuticals Ltd
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм препарат құрамында белсенді заттар: 16,000 мг метронидазол бензоаты, 10,0 мг метронидазолға баламалы, 2.675 мг хлоргексидин глюконаты 20 % ерітінді түрінде қосымша заттар: карбомер 940 (Акрипол 940), динатрий эдетаты, натрий сахарині, ментол, метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, пропиленгликоль, глицерол, натрий гидроксиді, тазартылған су
Қолданылуы
Пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары: - жедел және созылмалы гингивитте - Венсанның жедел ойық жаралы-некроздық гингивитінде - жедел және созылмалы пародонтитте - жасөспірімдердегі пародонтитте - гингивитпен асқынған пародонтозда - афтоздық стоматитте - хейлитте - протез тағу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында - экстракциялаудан кейінгі альвеолитте - периодонтитте, (біріктірілген ем құрамында)
Қарсы көрсетілімдер
- метронидазолға, хлоргексидинге, нитроимидазол туындыларына немесе қоcымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қан жүйесінің, соның ішінде анамнездегі аурулары - шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Дозалану режимі Гингивит кезінде ересектерге Дентора препаратын қызыл иектің айналасына тәулігіне 2 рет жағады, гельді шайып тастау ұсынылмайды. Емделу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды. Гельді қолданғаннан кейін 30 минут бойы тамақ және сусын ішуден бас тартқан жөн. Пародонтит кезінде тістегі шөгінділерді алғаннан кейін пародонт қалталарын гельмен өңдейді және қызыл иек аумағына гельді жағады. Экспозиция уақыты – 30 минут. Емшаралар саны аурудың ауырлығына тәуелді. Ары қарай гельді жағуды пациент өз бетінше жүргізуіне болады: препаратты қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағу керек. Афтоздық стоматит кезінде гельді ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған жерлеріне 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағу керек. Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің өршулерінің профилактикасы үшін гельді қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағады. Профилактика курстарын жылына 2-3 рет жүргізеді. Экстракциялаудан кейінгі альвеолиттің профилактикасы үшін тісті жұлғаннан кейін тіс шұңқырын препаратпен өңдейді, одан кейін гельді 7-10 күн бойы тәулігіне 2-3 реттен амбулаториялық ем кезінде қолданады. Балалар Қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті қолдануға арналған. Препарат тек стоматологиялық практикада қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.