+38 бонус

ДЕКСТЕМП 200 мг №10 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
760 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетка құрамында белсенді зат – дексибупрофен 200 мг немесе 400 мг; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк; қабығы: Opadry II White үлбірлі жабынға арналған қоспа: гипромеллоза, лактоза моногидрат, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль (макрогол).
Қолданылуы
Симптоматикалық емдеу үшін: - остеоартрит/артроз кезіндегі ауырсыну және қабыну; - етеккір кезіндегі ауырсыну (бастапқы дисменорея); - тірек-қимыл аппаратының ауыруы, бас ауыруы немесе тіс ауыруы, жарақаттан кейін ауырсынып ісіну және қабыну сияқты жеңіл немесе орташа ауырсыну; Қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу үшін: - ревматоидты артрит, егер емнің басқа да ұзаққа созылатын әдістері (негізгі ем: ревматизмге қарсы препараттар) ескерілмейтін болса.
Қарсы көрсетілімдер
- дексибупрофенге, басқа ҚҚСП-ға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП сияқты әсер ету механизмі ұқсас заттар бронх демікпесінің, бронх түйілу, жедел ринит ұстамаларын туындататын немесе мұрында полиптердің дамуына, есекжемге немесе ангионевроздық ісінуге әкелетін пациенттердің қолдануы; - ҚҚСП қолданумен байланысты анамнезінде ас қорыту жолында қан кету немесе тесілу; - ойық жара ауруының белсенді фазасы/ас қорыту жолында қан кету, анамнезінде ойық жара ауруы/ас қорыту жолында қан кету (ойық жара немесе қан кетудің кемінде расталған екі фактісі); - Крон ауруы немесе белсенді фазадағы спецификалық емес ойық жаралы колит; - цереброваскулярлық қан кету немесе белсенді фазадағы басқа қан кетулер; - қан түзудің немесе қанның ұюының бұзылуы; - бауырдың, бүйректің және жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - жүктіліктің соңғы триместрі.
Дозасы
Дозалау режимін дәрігер ауыру синдромының қарқындылығын ескере отырып, жеке белгілейді. Ересектер әдетте тамақтан кейін күніне 3 рет 1-2 таблеткадан (200-400 мг дексибупрофен) тағайындайды. Ұсынылатын бастапқы доза 200 мг дексибупрофенді құрайды. Ұсынылатын тәуліктік доза 3 қабылдауға бөлінген 600-900 мг дексибупрофенді құрайды. Ең жоғары бір реттік доза – 400 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 1200 мг. Остеоартрит/артроз және ревматоидты артрит ұсынылатын доза 3 қабылдауға бөлінген, күніне 600-ден 900 мг дейін дексибупрофенді құрайды, мысалы, күніне 2 рет 400 мг немесе күніне 2-3 рет 300 мг*. Жедел симптомдары бар пациенттер үшін доза күніне 1200 мг дексибупрофенге дейін уақытша ұлғайтылуы мүмкін. Бастапқы дисменорея ұсынылатын доза 3 қабылдауға бөлінген, күніне 600-ден 900 мг дейін дексибупрофенді құрайды, мысалы, күніне 2 рет 400 мг немесе күніне 2-3 рет 300 мг*. Жеңіл немесе орташа ауырсыну ұсынылатын доза 3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 600 мг дексибупрофенді құрайды. Тамақтану кезінде қабылдаған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтан кейін немесе тамақтану кезінде қабылдау керек. * дексибупрофенді тиісті дозада қолдану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Препарат ауырсынуды симптоматикалық түрде басуға арналған, бірақ егер аурудың симптомдары 3 күннен ұзақ уақытқа созылса, жоғары температурамен, бас ауыруымен немесе басқа құбылыстармен қатар жүрсе, диагнозды нақтылау және емдеу режимін қосымша түзету қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қарсы көрсетілімді. Бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бауыр мен бүйрек функциясының орташа бұзылулары бар пациенттерге дәрілік затты қолдануды азайтылған дозалардан бастаған жөн. Дексибупрофенді бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге емді төмен дозалардан бастау ұсынылады. Дозаны дәрілік заттың жақсы жағымдылығы анықталғаннан кейін ғана ұсынылатын тәуліктік дозаға дейін арттыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.